1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы директорларының кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175
қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы директорлары кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Берік Мәжитұлы Имашев, төраға (келісім бойынша) болып енгізілсін;
"Иван Михайлович Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, төраға" деген жолдағы "төраға" деген сөз "төрағаның орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев шығарылсын.