Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369A қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы N 1077 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369A  қаулысына  мынадай толықтырулар енгiзілсiн:
      1) көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 16, 17-жолдармен толықтырылсын:
      "16. "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" акционерлік қоғамы
      17. "Торғай Петролеум" акционерлiк қоғамы";
      2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 13, 14, 15-жолдармен толықтырылсын:
      "13. "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" акционерлiк қоғамы
      14. "Торғай Петролеум" акционерлік қоғамы
      15. "Теңiзшевройл" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi".

      2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі