Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.09.14 № 1199 Қаулысымен.
"Әдiлет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң қызметкерлерiне арналған жүктеме нормативтерi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 20 қазандағы
N 1053 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы әдiлет органдары қылмыстық-атқару
жүйесi мекемелерінің қызметкерлерiне арналған жүктеме
нормативтері
1. Кезекшілік қызмет:
Жалпы, қатаң, ерекше режимдердегi түзеу колонияларында, тәрбие колонияларында, түрмелер мен тергеу изоляторларында толтыру лимитіне қарамастан мекеме бастығының бір кезекшi көмекшiсi және әр кезекшiлiк ауысымда мекеме бастығының кезекшi көмекшiсінің бір орынбасары;
қоныс-колонияларында - әр кезекшi ауысымда кезекшілік қызметтің бiр қызметкерi.
2. Жедел қызмет:
сотталғандарды ұстауға арналған жалпы, қатаң, ерекше режимдердегi түзеу колонияларында - 150-250 орынға (бұдан әрі - орын) - бір қызметкер;
тәрбие колонияларында 100-150 орынға - бір қызметкер;
қоныс-колонияларында, тергеу изоляторларында, түрмелерде және түзеу колонияларында 50-80 орынға - бiр қызметкер.
3. Режимдік қызмет:
жалпы, қатаң, ерекше режимдердегi түзеу колонияларында 190-250 орынға - бір қызметкер;
тәрбие колонияларында 75-90 орынға - бір қызметкер;
қоныс-колонияларында 100-150 орынға - бір қызметкер;
тергеу изоляторларында, түрмелерде және камералық ұстау үлгісiндегi түзеу колонияларында 60-80 орынға - бір қызметкер.
4. Бақылаушылық қызмет:
1) күзет жөнiндегi бақылаушылар:
жалпы, қатаң, ерекше режимдердегі түзеу колонияларында, тәрбие колонияларында бiр қызметкерге жүктеме постылар табелiне және пост ведомосына сәйкес белгiленедi;
2) қадағалау жөнiндегi бақылаушылар:
режимге және толтыру лимитiне қарамастан бiр қызметкерге жүктеме түзеу мекемелерiнде сотталғандарды қадағалаудың тәулiктiк ведомосында көрсетілген постылардың санына байланысты болады;
3) тергеу изоляторларында және түрмелерде:
корпус бойынша бiр басшыға және бiр бақылаушыға жүктеме постылар табелiне сәйкес белгiленедi.
5. Тәрбие қызметi:
1) түзеу және тәрбие колонияларында 70-100 орынға - бiр жасақ бастығы;
2) түрмелерде 20-50 орынға - бiр жасақ бастығы;
3) тәрбие колонияларында 25 орынға (20 орын әйел жынысты сотталғандарды ұстау үшiн) - бiр тәрбиешi;
4) режимге және толтыру лимитiне қарамастан барлық мекемелерде:
босатылатындарды тұрмыстық және еңбекке орналастыру бойынша бiр қызметкер;
бiр қызметкер - психолог (қоныс-колонияларын қоспағанда);
5) тәрбие колонияларында - дене тәрбиесi бойынша бiр қызметкер;
6) тергеу изоляторларында:
мекемеге - бiр жасақ бастығы;
800 орынға - бiр аға инспектор.
6. Арнайы есепке алу қызметi:
жалпы және қатаң режимдердегi түзеу колонияларында, қоныс-колонияларында 250 орынға - бiр қызметкер;
ерекше режимдегi түзеу колонияларында және тәрбие колонияларында 400 орынға - бiр қызметкер;
тәрбие колонияларында 200 орынға - бiр қызметкер;
тергеу изоляторларында және түрмелерде 120 орынға - бiр қызметкер.
7. Кадр қызметі:
1) барлық түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында персоналдық 100-150 бiрлiгiне - бiр қызметкер;
2) мекемеге - әскери және қызметтiк дайындық бойынша бiр қызметкер.
8. Бухгалтерлік есеп және есептілік қызметi:
барлық түзеу мекемелерінде, режимге және толтыру лимитiне қарамастан - бухгалтерлiк есеп және есептілiктiң бiр қызметкерi және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру мен нормалау бойынша бiр қызметкер;
тергеу изоляторларында - бухгалтерлiк есеп және есептіліктің бiр қызметкерi.
9. Сотталғандарды құқықтық қорғау қызметі:
режимге және толтыру лимитіне қарамастан барлық түзеу мекемелерiнде және тергеу изоляторларында - сотталғандарды құқықтық қорғау жөнiндегі бiр қызметкер.
10. Сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру қызметi:
жалпы, қатаң, ерекше режимдердегi түзеу колонияларында және түрмелерде 260 орынға - бiр қызметкер;
қоныс-колонияларында 100 орынға - бiр қызметкер.
11. Медициналық қызмет:
әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң медициналық және фармацевтика персоналына арналған жүктеме нормативтерiн Әдiлет министрлігі денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті органмен бiрiгіп белгiлейдi.
12. Қылмыстық-атқару инспекциялары:
қалалық қылмыстық-атқару инспекциясының бір қызметкерiне - есептi тұратын адамдарға арналған 60 ic;
аудандық қылмыстық-атқару инспекциясының бiр қызметкерiне - есепте тұратын адамдарға арналған 35 iс.