1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 17 қазандағы
N 1041 қаулысына қосымша
1. "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындаудың және жүзеге асырудың тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1701 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 52, 481-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1701 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 мамырдағы N 567 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 18, 195-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1701 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы N 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 21, 240-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1755 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 590-құжат).