Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң "А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы N 1032 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсiпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрі 9-14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"9-14.  А.Н.Сызғанов атындағы
        Хирургия ұлттық ғылыми
        орталығы" қазыналық
        кәсіпорны                                   Алматы қаласы";

      2)  (күші жойылды - 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қауылысымен.

      3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Мемлекеттiк кәсіпорындар" деген бөлімде:
      реттiк нөмірi 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі