1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрі 9-14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"9-14. А.Н.Сызғанов атындағы
Хирургия ұлттық ғылыми
орталығы" қазыналық
кәсіпорны Алматы қаласы";
2) "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде:
G санатының тобында:
"G-1" санаты:
"(ұлттық," деген сөзден кейiн "ұлттық ғылыми," деген сөздермен толықтырылсын;
"G-2" санаты:
"(ұлттық," деген сөзден кейiн "ұлттық ғылыми," деген сөздермен толықтырылсын;
3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1117
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 529-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Мемлекеттiк кәсіпорындар" деген бөлімде:
реттiк нөмірi 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"13. А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы".