"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Мемлекеттік монополия субъектілерiнiң және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 4 сәуiрдегi N 304
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 164-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтілген Мемлекеттiк монополия субъектілерiнiң және осы субъектілер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 18-жолмен толықтырылсын:
"18. Объектілер мен кешендер Қазақстан Республикасы Индустрия
құрылысының жобаларына және сауда министрлiгi Құрылыс және
мемлекеттiк сараптама тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
жүргiзу iстері комитетiнiң "Жобаларды
мемлекеттік ведомстводан тыс
сараптау" шаруашылық жүргiзу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны".