Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 352 және 2005 жылғы 3 маусымдағы N 558 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы N 989 Қаулысы

Қолданыстағы

      "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің кейбiр шешімдерінe мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 352  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекітiлген "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      "1. Әр түрлi мақсаттағы отандық ғарыш аппараттарын құруға және ұшыруға арналған негiздердi әзiрлеу" деген бөлiмде:
      реттік нөмiрi 5-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "420,0, оның iшінде жылдар бойынша: 2005 - 60,0; 2006 - 304,0; 2007 - 56,0";
      реттік нөмiрi 7-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "504,0, оның iшінде жылдар бойынша: 2005 - 157,0; 2006 - 347,0";
      "2. Әр түрлi мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыруға және басқаруға арналған жер үстi инфрақұрылымын дамыту" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 13-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "1260,0, оның iшiнде жылдар бойынша: 2005 - 500,044; 2006 - 504,548; 2007 - 255,408";
      peттiк нөмiрi 16-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есiл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру";
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "18404,422, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 500,0; 2006 - 1000,0; 2007 - 16904,42";
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "РБ";
      көрсетiлген Жоспардан кейінгi мәтінде:
      бiрiншi, екінші және бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламаны icкe асыруға байланысты қаржылық шығындар барлығы 62768,72 млн. теңгені құрайды.
      Республикалық бюджет барлығы 62468,72 млн. теңге, оның ішінде 2005 жылы - 14861,2 млн. теңге.";
      "Республикалық бюджеттен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қамтамасыз етуге арналған қаржылық шығындар 5582,1 млн. теңгенi құрайды, оның ішінде 2005 жылы - 2179,9 млн. теңге, 2006 жылы - 2232,6 млн. теңге, 2007 жылы - 1169,6 млн. теңге. Жұмыстардың көрсетілген түрлеріне 300 млн. теңге мөлшерiнде инвестициялар тарту жоспарланып отыр, оның iшiнде 2005 жылы - 150 млн. теңге, 2006 жылы - 150 млн. теңге.";
      мынадай мазмұндағы алтыншы aбзацпен толықтырылсын:
      "МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құруға байланысты қаржылық шығындар 18404,422 млн. теңгені құрайды, оның iшiнде 2005 жылы - 500 млн. теңге, 2006 жылы - 1000,0 млн. теңге, 2007 жылы - 16904,422 млн. тeңгe.";
      Ескертуде: әрiптік аббревиатураларды толық жазуда "Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "АЗҒК - авиациялық зымыран-ғарыш кешенi";

      2) "Маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 558  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "1. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы орындайтын жұмыстар тiзбесi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 9-жолмен толықтырылсын:
      "9. "МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құру".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі