"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса беріліп отырған Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2005 жылғы 30 қыркүйектегі
N 982 қаулысымен
бекiтiлген
Жалпы республикалық Қазақстан жастарының
Форумы туралы ереже
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Жалпы республикалық Қазақстан жастарының форумы (бұдан әрi - Форум) Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдары уәкiлеттi өкiлдерiнің форумы болып табылады.
3. Форум өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , басқа да нормативтік құқықтық кесімдердi басшылыққа алады.
2. Форумның мақсаты, міндеттері мен функциялары
4. Форумның негiзгi мақсаты жалпы ұлттық мүддеде өзара әлеует пен ресурстарды неғұрлым толық пайдалану үшiн мемлекеттік органдардың жастар ұйымдарымен өзара iс-қимылының тұтас жүйесiн құру болып табылады.
5. Форумның негiзгi мiндеттерi:
1) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының арасындағы диалог пен өзара iс-қимыл жүйесiн қалыптастыру үшін қажетті ұйымдастырушылық алғышарттар жасау;
2) жалпы қазақстандық жастар ортасын қалыптастыру;
3) Қазақстан Республикасының жастары мен мемлекеттiк билiк органдары арасында керi байланысты қамтамасыз ету.
6. Негiзгi мiндеттер мен өзiне жүктелген функцияларды iске асыру үшін Форумның заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) жастарға үндеулер қабылдауға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру және iске асыру туралы ұсынымдар әзiрлеуге құқығы бар.
7. Форумды дайындау мен өткiзудi құрамын жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi уәкілетті органның басшысы бекітетiн ұйымдастыру комитетi жүзеге асырады.
8. Форум екі кезеңде өткiзіледi:
1) дайындық кезеңi, ол кезде барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында Форум делегаттарын сайлау жүргiзіледi;
2) негiзгi кезең Форумды өткiзу.
9. Форумды уәкiлетті орган екi жылда кемiнде бiр рет шақырады.
10. Форумда шешімдер қабылдау Форумға қатысушы делегаттардың ашық дауыс беруi жолымен жүзеге асырылады.
5. Форумда жастар өкiлдігін қалыптастыру
11. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тiркелген жергiліктi жастар ұйымдары мен республикалық жастар ұйымдары аумақтық филиалдарының қатысуымен облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы конференцияларда сайлау жолымен жүргiзіледi.
12. Конференцияларға облыстың, Астана және Алматы қалаларының тiркеуден өткен жастар ұйымдарының делегат етiп жіберілген өкiлдерi қатысады.
13. Облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда Форумға делегаттарды сайлау жөніндегi конференцияларды ұйымдастыруды, өткiзудi және жұмыс регламентiн белгiлеудi Қазақстан Республикасының жастар саясаты мәселелері жөніндегi уәкілетті органы және жастар мен жастар ұйымдарының уәкілеттi өкiлдерi қамтамасыз етедi.
14. Делегациялардың сандық құрамы әр облыстан кемiнде 15 адамды, Астана және Алматы қалаларынан - кемінде 30 адамды құрайды. Уәкілеттi орган Форумға қатысу үшін саяси партиялардың, Қазақстан халықтары Ассамблеясының, жастар бастамалары әскери орталықтарының, оқу орындарының, мүдделі мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн Форум делегаттарының жалпы санының 25%-ынан аспайтын санда қосымша шақыра алады.
15. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.
16. Форумда қабылданған ұсынымдар тиiстi хаттамамен ресiмделедi және заңнамада белгіленген тәртiппен қарау үшін Қазақстан Республикасының Үкiметiне жiберiледi.