Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 936 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 1917  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 541-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізiлсiн:

Тәңiрберген            - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Саидмұрат Бапанұлы       Кеңесiнiң Хатшылығы меңгерушiсiнiң
                         орынбасары (келiсiм бойынша)

Кравченко              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Иван Михайлович          сауда бiрiншi вице-министрi;

      мына:

"Мұқашев               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Жанат Бәзiкенұлы         Кеңсесi Сыртқы байланыстар бөлiмiнiң сектор
                         меңгерушiсi, Мемлекеттiк комиссияның
                         хатшысы"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Мұқашев               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi
Жанат Бәзiкенұлы         Кеңсесiнiң Сыртқы байланыстар бөлiмi
                         меңгерушiсiнiң орынбасары, Мемлекеттік
                         комиссияның хатшысы";
      көрсетілген құрамнан Өтембаев Ерiк Мылтықбайұлы, Лукин Андрей Иванович шығарылсын;

      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы ережеде:

      5-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес экспорттық бақылау саласындағы ұлттық заңнаманы үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;";

      6-тармақта:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) экспорттық бақылау мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзуге және нормативтік құқықтық актiлердiң жобаларын қарауға;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Комиссияның жұмыс органы отырысқа дейiн кемiнде 10 (он) күнтiзбелiк күн бұрын және қарау үшiн 7 (жетi) күнтізбелік күннен аспайтын мерзiмде Комиссия мүшелерiне жiберетiн Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар мен қажетті материалдарды дайындайды.";

      16-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Pеспубликасының
      Премьер-Министрі