Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі N 905 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 530-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      2-тармақта "бec" деген сөзден кейiн ", оның iшінде бiр бiрiнші" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережеде:
      16-тармақтың екiншi абзацында "орынбасарлары" деген сөзден кейiн ", оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi