Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының
Үкiметi арасындағы Қазақстан Республикасының және
Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары
тұрғындарының қазақстан-ресей мемлекеттiк
шекарасын кесiп өту тәртiбi туралы келiсiм
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi,
тарихи қалыптасқан тату көршілiк қатынастарды ескере отырып,
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының арасындағы шаруашылық, мәдени және басқа да дәстүрлi байланыстарды сақтау мен дамытудың қажеттiлiгін тани отырып,
1995 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының ынтымақтастығы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Россия Федерациясының Үкiметi арасындағы келiсiмнiң 7-бабының ережелерiн ескере отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде келтiрілген терминдер мыналарды бiлдiредi:
"шекара маңындағы аумақтар" - осы Келiсiмге 1-қосымшада көрсетiлген, қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасына тiкелей жанасатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әкiмшілiк-аумақтық бiрлiктерi;
"шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары" - шекара маңындағы аумақтарда тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары;
"шекара" - қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасы (2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасы туралы
шарт
күшiне енгiзілгенге дейiн Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әкiмшiлiк-аумақтық шекара түсiніледi);
"шекараны кесiп өту орындары" - шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары осы Келiсiмнiң шарттарында шекараны кесiп өтуi үшiн белгіленген қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасындағы орындар, олар арнайы жабдықталуы мүмкiн;
"шекара өкiлдерi" - 2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы шекара өкiлдерiнiң қызметi туралы
келiсiмге
сәйкес тағайындалған лауазымды тұлғалар.
Екiншi Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағына үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге келетiн, сондай-ақ керi қарай кететiн бiр Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағының тұрғындары осы Келiсiмге 2-қосымшада көрсетiлген шекараны кесiп өту орындарында шекараны кесiп өте алады және бұл peттe уақытша келген мемлекеттiң заңнамасын сақтауға мiндеттi.
Көрсетiлген орындарда шекараны кесiп өтудiң тоқтатылуы (шекара арқылы қатынастардың аяқталуы) Тараптардың уағдаластығы бойынша жүзеге асырылады.
Шекараны кесiп өту орындарында шекара маңындағы аймақтардың тұрғындарын өткiзу режимiн ұйымдастыру Тараптардың шекаралық ведомстволарына жүктеледi.
4-бап
Iндеттер, жануарлар iндеттерi, дүлей зiлзалалар немесе басқа да күтпеген жағдаяттар мен төтенше жағдайлар кезiнде Тараптардың шекара өкiлдерi шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының шекараны кесiп өтуiн уақытша тоқтата тұруы мүмкiн.
Шекара өкілдерi уақытша шектеулердiң енгiзiлгендігі және оның күшi жойылғандығы туралы кемiнде 24 сағат бұрын бiрiн-бiрi хабардар етедi.
Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары, егер шекара өкiлдерi уағдаластықтарында өзгеше көзделмесе, тәулiктiң кез келген уақытында жаяу жүру тәртiбiмен, велосипедтермен немесе күш көлiгiмен шекараны кесiп өтедi.
Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары өздерiне тиесiлi жеңiл автокөлiктердi, мотоциклдердi және мопедтердi оларды шекара маңындағы аудан аумағында тіркеместен, осы Келiсiмнiң 2-бабында белгiленген мерзiм iшiнде шекара арқылы өткізе алады.
Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке арналмаған тауарларды Тараптардың ұлттық заңнамасында көзделген тауарларды әкелу (әкету) нормаларынан аспайтын мөлшерде кеден баждары мен салықтарды төлеместен шекара арқылы өткiзе алады.
Шекара маңындағы аумақтар тұрғындарының өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметке арналған не әкелуге (әкетуге) тыйым салынған не тиiстi мемлекеттiк бақылау органдарының рұқсат беретiн құжаттарының болуы талап етiлетiн тауарларды әкелуге (әкетуге) ниетi болған жағдайда, олардың шекараны кесiп өту орындары арқылы жүруiне жол берілмейдi. Мұндай тұрғындар шекараны 1998 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмде көзделген өткiзу пункттерiнде кесiп өтуге мiндеттi.
Шекара өкiлдерi шекара маңындағы аумақтардың әкiмшілiктерiмен бiрлесiп, шекара маңындағы аудандар тұрғындарын хабардар ету үшін қажеттiлiгiне қарай әкелуге (әкетуге) тыйым салынған не Тараптар мемлекеттерiнiң тиiсті бақылау органдарының рұқсат беретiн құжаттарының болуы талап етілетiн тауарлардың тiзбесiмен алмасады.
Шекара маңындағы аумақтардың тұрғындары шекараны осы Келiсiмге 3-қосымшада көрсетiлген құжаттардың негiзiнде, осы Келiсiмде белгiленген кесiп өту орындарында кесiп өтедi.
Егер бiр Тарап мемлекетiнiң шекара маңындағы аумағының тұрғынының екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болуы кезеңiнде 3-қосымшада көрсетiлген құжаттары жоғалған немесе бүлiнген жағдайда, мұндай тұрғын бұл туралы барған мемлекеттің Iшкi iстер министрлігі органдарына кiдiрiссiз хабарлауға мiндеттi.
Мұндай жағдайда барған мемлекеттің Iшкi iстер министрлігі органдары жеке басын анықтағаннан кейiн, бұл тұлғаға құжаттарын жоғалғаны туралы анықтама бередi, ол шекарада белгiленген өткiзу пункттерi арқылы тұратын мемлекетiнiң аумағына оралу үшiн негiз болып табылады.
Шекара өкiлдерi оның азаматы болып табылмайтын мемлекеттің шекара маңындағы аумақта әкiмшілiк құқық бұзушылықты жасағаны үшiн, соның iшiнде шекараны кесiп өту немесе шекара арқылы жүк өткiзу ережесiн бұзғаны үшiн ұсталған шекара маңындағы аумақтарының тұрғындарын қабылдап алу-берудi ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдайды. Бұл ретте құқық бұзу фактiлерiнiң айғақтарын жинау мен ресiмдеу аумағында ұстау жүргiзiлген мемлекеттiң заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Келiсiмдi iске асыру барысында туындайтын келiспеушiлiктер шекара өкiлдерiнiң консультацияларында талқыланып, шешiледi.
Шешілмеген келiспеушілiктер әрi қарай қаралуы үшiн дипломатиялық арналар бойынша Тараптарға беріледi.
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке хаттамалармен ресiмделедi.
Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енедi.
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер Тараптардың бiрде-бiрi кезектi кезең аяқталғанға дейiн кем дегенде алты ай бұрын өзiнiң оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа жазбаша түрде хабарламаса, әрбiр ретте келесi бесжылдық кезеңдерге ұзартылатын болады.
200_ жылғы "___" _________ _________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрi екi мәтiннiң күшi бiрдей.
ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
ҮКIМЕТI YШIН ҮКIМЕТI YШІН
1-қосымша
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының
шекара маңындағы аумақтарының
тiзбесi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы
Аудандардың аумақтары
Бесқарағай; Зырян;
Бородулиха; Глубокое;
Шемонаиха; Катонқарағай.
Риддер қаласы
Павлодар облысы
Аудандардың аумақтары
Шарбақты; Железин;
Успен; Качир;
Лебяжi; Ертiс.
Солтүстік Қазақстан облысы
Аудандардың аумақтары
Уәлиханов; Қызылжар;
Ақжар; Мамлют;
М.Жұмабаев; Жамбыл.
Қостанай облысы
Аудандардың аумақтары
Ұзынкөл; Таран;
Мендiғара; Денисов;
Федоров; Жiтiқара.
Қарабалық;
Ақтөбе облысы
Аудандардың аумақтары
Әйтеке би; Мәртөк;
Хромтау; Қобда.
Қарғалы;
Батыс Қазақстан облысы
Аудандардың аумақтары
Шыңғырлау; Жәнiбек;
Бөрілi; Қазталов;
Зеленов; Бөкейорда.
Тасқала;
Атырау облысы
Аудан аумағы
Құрманғазы.
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Алтай Республикасы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар
Қос-Ағаш; Усть-Коксин.
Усть-Кан;
Алтай өлкесi
Аудандық әкiмшiлiк аумақтары
Бөрілі; Рубцов;
Змеиногор; Славгород;
Ключев; Табын;
Құлынды; Третьяков;
Локтев; Углов;
Михайлов; Чарыш.
Өлкелiк бағыныстағы қалалар
Змеиногорск; Славгород;
Рубцовск; Яровое.
Астрахан облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар
Ақтөбе; Камызяк;
Володар; Лиман;
Икрянин; Қарабалин.
Краснояр;
Волгоград облысы
Аудандық әкiмшілiк аумақтар
Палласов; Старополтав.
Қорған облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар
Звериноголов; Половин;
Куртамыш; Притобольный;
Макушин; Целинный.
Петухов;
Новосибирск облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар
Балган; Купин;
Кapcук; Чистоозерный.
Омбы облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар
Есілкөл; Полтава;
Называев; Русско-Полян;
Нововаршав; Шұбаркөл;
Одесса; Черлак.
Павлоград;
Орынбор облысы
Аудандық әкiмшілiк аумақтар
Адамов; Қуандық;
Ақбұлақ; Первомай;
Беляев; Светлин;
Гай; Соль-Илецк;
Домбаров; Ташлин;
Илек; Яснен
Кваркен; Новотроицк қаласы
Орск қаласы
Самара облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақ
Большечернигов.
Саратов облысы
Аудандық әкiмшiлiк аумақтар
Александрово-Гай; Озин;
Дергачев; Перелюб;
Новоузен; Питер.
Түмен облысы
Аудандық әкiмшілiк аумақтар
Бердюж; Сладков.
Казан;
Челябi облысы
Аудандық әкiмшілiк аумақтар
Бредин; Октябрь;
Варнен; Троицк;
Қарталы; Чесмен.
Облыстық бағыныстағы қала
Троицк
2-қосымша
Шекараны кесiп өту орындарының тiзбесi
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Шығыс Қазақстан облысы Алтай Республикасы
Кордон - Қарағай Усть-Коксин ауданы
Алтай өлкесi
Бозтал - Шадруха Углов ауданы
Буркотово - Золотуха
Павлодар облысы
Екатеринославка - Михайловка Бөрілi ауданы
Галицкое - Новоандреевка
Северное - Табын Табын ауданы
Жаңаауыл - Васильчиково Ключев ауданы
Бәйiмбет - Бастан Михайлов ауданы
Батыс Қазақстан облысы Астрахан облысы
Торғай - Верхний Ақтөбе ауданы
Басқыншақ
Атырау облысы
Жалғыз апан - Басқыншақ
Жаңаауыл - Гусиный Володар ауданы
Жыланды - Малый Арал Краснояр ауданы
Котяевка - Красный Яр
Көптоғай - Теплинка
Балқұдық - Харабали Харабали ауданы
Қостанай облысы Қорған облысы
Белояровка - Луговое Целинный ауданы
Ұзынағаш - Казак-Кочердык
Гренадерка - Романово Половин ауданы
Солтүстiк Қазақстан облысы
Пресноредуть - Филлипово Половин ауданы
Лапушки - Покровка Макушин ауданы
Лапушки - Мартино
Богатое - Подувальное Петухов ауданы
Михайловка - Октябрьское
Студеное - Песьяное
Павлодар облысы Новосибирск облысы
Петропавловка - Березовка Купин ауданы
Жамбыл - Орловка
Қосақ - Павловка Карасук ауданы
Сұлу ағаш - Новокарасук
Красновка - Разьезд Баған ауданы
Тереңкөл
Новокузьминка - Новокрасное Чистоозерный ауданы
Солтүстiк Қазақстан облысы Омбы облысы
Круглое - Емонтаево Есiлкөл ауданы
Надежка - Кромы
Қарағанды - Украинка
Куломзино - Кисляки Называев ауданы
Найзатомар - Орехово Одесса ауданы
Ақтүйесай - Громогласово
Ұялы - Гришковка
Қаратерек - Юрьевка Павлодар ауданы
Александровское - Мечебилово Полтава ауданы
Золотая Нива - Новоильиновка
Киевское - Длинное
Горьковское - Еремеевка
Ақсары - Новоскатовка Шарбақкөл ауданы
Қаратерек - Алабота Русско-полян ауданы
Амангелдi - Хлебодаровка
Озерное - Калинино
Павлодар облысы
Майқоңыр - Голубовка Русско-полян ауданы
Майқоңыр - Черлакское Нововаршав ауданы
Лесное - Кузнецовка Черлак ауданы
Батыс Қазақстан облысы Орынбор облысы
Чесноково - Рубежинский Первомай ауданы
Раздольное - Усов
Кирсаново - Раннее Ташлин ауданы
Жаңаталап - Затонное Елек ауданы
Шоқтыбай - Озерки
Шыңғырлау - Линевка Соль-Илец ауданы
Ақтөбе облысы
Жиренқопа - Ивановка
Қоғалы - Покровка
Көк үй - Изобильное
Степь - Веселый-2 Ақбұлақ ауданы
Вознесеновка - Веселый-2
Терісаққан - Новомарьевка
Акраб - Шкуновка
Ортақ - Сазда
Қазақстанның 13 жылдығы - Большевик
Покровка - Хлеборобное Беляев ауданы
Рыбаковка - Раздольное
Студенческое - Новый Қуандық ауданы
Полтавка - Приуральский
Эрзерум - Загорное
Қызыл сай - Орал өзенi Новотроицк қаласы
арқылы көпiр
Нововеденка - Орск әуежайы Новотроицк қаласы
Степное - Полевой Домбаров ауданы
Майтөбе - Қожамбердi
Көшенсай - Прибрежный
Тереңсай - Ақтөбе Светлин ауданы
Батыс Қазақстан облысы Саратов облысы
Есенсай - Новозизеевка Дергаческ ауданы
Чижа-2 - Восточный кентi
Жақсыбай - Петропавловка Новоузен ауданы
Богатырево - Пограничное
Шильная Балка - Шукеев
Тасқала (Семиглавый - Озинки Озин ауданы
Мар)
Беленькое - Горный
Карпово - Комсомольский
Щучкино - Тараховка Перелюб ауданы
Вечный - Холманка
Таловка - Малый Узень Питер ауданы
Зерновая - Нива
Солтүстік Қазақстан облысы Түмен облысы
Гайдуково - Новоалександровка Қазан ауданы
Долматово - Викторовка
- Ельцино
- Благодатное
Куломзино - Новоказанка Сладков ауданы
Лапушки - Мартино
- Александровка
- Красивое
- Зарослое Бердюжа ауданы
Қостанай облысы Челябы облысы
Комаровка - Княжевский Бредин ауданы
Приречное - Красный Октябрь Варнен ауданы
Приречное - Казановка
Победа - Плодовый Троицк ауданы
Шадыксаевка - Ключевка
Подгородка - Кварцитный
Новоукраинка - Қаракөл Октябрь ауданы
Грачевка - Қаракөл
Кеңерал - Петровский
Аққарға - Восточный
Волгоградское - Комсомольский
Свердловка - Маслоковецкий
3-қосымша
Шекара маңындағы аумақтарда тұратын Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі
үшін жарамды құжаттар тiзбесi
Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн
1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi - онда тұрған жерi көрсетілген жағдайда.
2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты - шекара маңындағы ауданның елдi мекенiнде тұратындығы туралы әдiлет органдары растаған азаматтарды тiркеу кiтабынан көшiрменiң көрсетiлуiмен.
3. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа дейiнгі балалар үшiн). Кәмелеттiк жасқа толмағандардың заңды өкiлдерiнiң бiрге жүруiнсiз жол жүруi кезiнде аталған тұлғалардың жол жүруге нотариалды түрде ресiмделген келiсiмдерiнiң болуы мiндеттi.
Ресей Федерациясының азаматтары үшiн
1. Ресей Федерациясы азаматының паспорты - шекара маңындағы аумақтың шекара маңындағы елдi мекенiнде тұратындығын тiркеу туралы белгі болған жағдайда.
2. Ресей Федерациясынан тысқары жерлерде Ресей Федерациясы азаматының жеке басын куәландыратын Ресей Федерациясы азаматының паспорты, шекара маңындағы аумақтың елдi мекенiнде тұратындығы туралы үй кiтапшасынан көшiрменiң көрсетiлумен.
3. Ресей Федерациясының азаматтығы туралы қосымша бетi бар тууы туралы куәлiк (14 жасқа дейiнгi балалар үшiн). Кәмелеттiк жасқа толмағандардың заңды өкiлдерiнiң бiрге жүруiнсiз жол жүруi кезiнде аталған тұлғалардың жол жүруге нотариалды түрде ресiмделген келiсiмдерiнiң болуы мiндеттi.