Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100 және 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 1348 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 867 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

      1) "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы N 100  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 5, 30-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
      "Лицензияланатын қызмет түрлерi" деген бағанда 1-тараудың 4-тармағының 14) тармақшасындағы "және өткiзу" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) "Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 желтоқсандағы N 1348  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 46, 464-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Өрт қауiпсiздiгi саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын бiлiктiлiк талаптарындағы 3) тармақша алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi