Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 тамыздағы N 860 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне Семей қаласын жылумен жабдықтау жобасының техника-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге және сараптауға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 120000000 (бip жүз жиырма миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі