Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкілеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесінде:
реттiк нөмірi 3-жолдың 3-бағанында "қауiптi жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу;" деген сөздер "темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; қауіптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу;" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 4-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының
заңнамалық кесiмдерiне сәйкес
атом энергиясын пайдалануға
байланысты барлық қызмет
түрлерi;
арнайы қорғану құралдарын
қолдану қажеттігінсiз оларды
пайдалану үшiн рұқсат етілетін
нормадан асатын мөлшердегi
радиоактивтi заттарды қамтитын
өнiмдердi дайындау және сату;
радиоактивтi заттар мен
изотоптарды пайдалана отырып,
рентген жабдығын, құралдар
мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және
сату.";
реттiк нөмiрi 5-жолдың 3-бағанының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"минералды шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда)";
реттiк нөмiрi 6-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, магистральды газ-мұнай құбырларын, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау (құрылысқа арналған жобалау жұмыстары). Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;";
реттiк нөмiрi 10-жолдың 3-бағанының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызмет: жол қозғалысын техникалық реттеу құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу, пайдалану;";
реттiк нөмiрi 11-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацы алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 14-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацында "түгендеу," деген сөз алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 16-жолдың 3-бағанының екiншi абзацы алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 17-2-жолдың 3-бағанында "нотариустардың қызметi" деген сөздер "нотариаттық қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 26-жолдың 3-бағанда:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ветеринария саласындағы қызмет, Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа: ветеринарлық мақсаттағы препараттарды өндiру және сату; ветеринарлық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сату; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргiзу; ветеринарлық емдеу-алдын алу қызметi";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу";
реттiк нөмiрi 27-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 27-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"27-1. Облыстық Туроператорлық,
(республикалық турагенттiк қызмет,
маңызы бар қаланың, туризм нұсқаушысының
астананың) қызметтерi;
атқарушы органдар
ойын бизнесi саласындағы қызмет;
жылу энергиясын өндiру, беру және тарату
(жиынтық орнатылған жылу қуаты қоса
алғанда 100 Гкал/сағатқа дейiн жылу
энергиясы көздерiнен);
жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе
жалпы орта бiлiм; кәсіптiк бастауыш
бiлiм, оның iшiнде кәсiптер бойынша;
кәсiптiк орта бiлiм беретiн заңды
тұлғалардың бiлiм беру қызметi, сондай-ақ
мектепке дейiнгi және мектептен тыс
ұйымдардың қызметi (республикалық маңызы
бар ұйымдар орындайтын жұмыстарды,
қызметтердi қоспағанда);
заңды тұлғалардың түстi және қара
металдардың сынықтары мен қалдықтарын
жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi
және сатуы;
шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты
қызмет;
облыстың, Астана және Алматы қалаларының
аумағында лотереялар (мемлекеттiктен
(ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және
өткiзу;
қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды
(жиынтық жылу қуаты қоса алғанда
100 Гкал/сағатқа дейiн) және құбырларды
пайдалану;
қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды
пайдалану (өнеркәсiптiк тоңазытқыш
қондырғыларының, тұрмыстық газ
баллондарының құрамындағы);
алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау,
көтерме және бөлшек сату.";
реттiк нөмiрi 32-жолда:
2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi";
3-бағанның екiншi абзацында "және сату" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 35-жолдың 3-бағанының екiншi абзацы алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 37-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"әуе көлігімен жолаушылар мен жүктердi
тасымалдау;
қауiптi жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау;
авиациялық жұмыстар.";
реттік нөмiрi 44-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"табиғат қорғауды жобалау,
нормалау және экологиялық
сараптама саласындағы жұмыстар;
Қазақстан Республикасының Үкiметi
бекiтетiн тiзбе бойынша шаруашылық
қызметтiң экологиялық қауiптi
түрлерi;
экологиялық аудиторлық қызмет.";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Санитарлық, экологиялық және тау-кен-техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергия қадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және мемлекеттiк энергетикалық қадағалау саласындағы органдардың қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi";
"I. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi" деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi";
10 және 18-тармақтар алынып тасталсын;
"II. Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi" деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтеді.";
8-тармақ алынып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда).";
"III. Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi" деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi органдарының қорытындысы қажет, лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда).";
"IV. Мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi" деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі