Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 тамыздағы N 846 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiн мүлiктiк жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 7 наурыздағы N 336  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 10, 111-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктік жалға беру ережесiнде:
      3-тармақтың 3) тармақшасында "мекемелер" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындар мен заңды тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі