Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Үлгі-тәжiрибелiк орман көшеттiгi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 тамыздағы N 843 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Үлгi-тәжiрибелiк орман көшеттiгi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Орман көшеттiгi" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi:
      1) жерсiндiрiлген сүректi және бұталы тұқымдардың екпе көшеттерi мен тiкпе көшеттерiнiң кең тараған түрлерiн өсiру және сату;
      2) инновациялық жобаларды енгiзу саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу және енгiзу;
      3) отырғызу материалдарын өсiрудiң прогрессивтi, ғылыми негiзделген технологияларын, өндiрiстi кешендi механикаландыру негiзiнде қазiргi заманғы өнiмдiлiгi жоғары технологиялық құралдар мен машиналар жүйесiн, машина-трактор паркiн және басқа да энергетикалық жабдықты пайдаланудың неғұрлым жетiлдiрілген әдiстерiн енгiзу болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, белгіленген тәртiппен:
      1) Қоғамның жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;
      2) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне берудi;
      3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      4. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Pecпубликасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 13 тамыздағы  
N 843 қаулысымен     
бекiтiлген         

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмдегi реттiк нөмiр 470-166-жол алынып тасталсын.

      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекітiлген Акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
      "Алматы облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 25-1-жолмен толықтырылсын:
      "25-1. "Орман көшеттігi" АҚ".

      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-32-жолмен толықтырылсын:
      "222-32. "Орман көшеттігі" АҚ".

      4. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар" деген 1-бөлiмдегi реттік нөмiрi 77-жол алынып тасталсын;
      "Акционерлiк қоғамдар" деген 3-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 3-жолмен толықтырылсын:
      "3. Орман көшеттігі".