1. "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiн және өкілдiк шығындардың нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 наурыздағы N 281
қаулысына
мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiнде:
2-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шешiмiмен көзделген жағдайларда" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтың бiрiншi абзацы "Премьер-Министрiнiң шешiмiмен ресiмделетiн" деген сөздерден кейiн "iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге," деген сөздермен толықтырылсын.