Қазақстан Республикасының Yкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Жоба
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерiстер енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап.
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23, 430-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-бапта:
7) тармақшадағы "бойға бала бiтiрудiң жасанды әдiсiн немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
17) тармақшадағы "бойға бала бiтіру, оны" деген сөздер "бала" деген сөзбен ауыстырылсын.