Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі N 466 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 941
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 33, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтағы "қабылданған" деген сөз "қолданысқа енгізілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "күшіне енеді" деген сөздер "қолданысқа енгізіледі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы