1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1422
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалау жұмыстарының 2005 жылға арналған жоспарында:
реттiк нөмiрi 27-жолда:
2-бағандағы "Кәсiпкерлiк туралы" деген сөздер "Жеке кәсiпкерлiк туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағандағы "маусым" деген сөз "тамыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-бағандағы "Б.С.Смағұлов" деген сөздер "И.М.Кравченко" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 27-1-жолмен толықтырылсын:
"27-1 Қазақстан ИСМ сәуiр мамыр тамыз И.М.Кравченко
Республикасының
кейбiр заңнамалық
кесiмдерiне
кәсiпкерлiк
мәселелерi
бойынша
өзгерiстермен
толықтырулар
енгізу туралы ";
2) "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы
Жолдауын
iске асыру жөнiндегi Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың желiлiк кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөнiндегі жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнде:
реттiк нөмiрi 3-жолдың 2 және 3-бағандарындағы "Кәсiпкерлiк туралы" деген сөздер "Жеке кәсiпкерлiк туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3-жолдың 3-бағанындағы "маусым" деген сөз "тамыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 4-жол 3-бағанының 4.1.4.-тармағындағы "маусым" деген сөз "тамыз" деген сөзбен ауыстырылсын.