1. Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 29 шілдедегі
N 789 қаулысымен
бекiтiлген
Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер
қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр
бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерiн
(акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы
мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының
Сауат Мұхаметбайұлы Энергетика және минералдық
ресурстар министрі, төраға
Баталов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Асқар Болатұлы және минералдық ресурстар
министрлігінің жауапты хатшысы,
төрағаның орынбасары
Қонақаев - Қазақстан Республикасы Энергетика
Саяхат Алпысұлы және минералдық ресурстар министрлiгi
Жер қойнауын пайдалануға тiкелей
инвестициялар департаментiнiң
директоры, хатшы
Әбілезов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қарыбай Тілеубергенұлы және сауда вице-министрі
Пірматов - Қазақстан Республикасының Экономика
Ғалымжан Олжаұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Шыналиев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ғазиз Қоршабекұлы Министрі Кеңсесінің Индустриялық-
инновациялық даму бөлімі
меңгерушісінің орынбасары
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашидұлы вице-министрi
Қарабалин - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың
Ұзақбай Сүлейменұлы президентi (келiсiм бойынша)
Ерғожин - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы вице-министрі
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2006.03.02. N
144
, 2006.09.07. N
848
, 2007.10.12.
N 930
,
2008.04.24
N 385
Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 29 шілдедегі
N 789 қаулысымен
бекiтiлген
Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар
пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) сатып алуға мемлекеттiң басым құқығын iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үшiн құрылады.
3. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттар бойынша жер қойнауын (оның бiр бөлiгiн) пайдалану құқығын иелiктен алу туралы өтiнiштерiн қарау;
2) жер қойнауын пайдалану құқығына не заңды тұлғадағы қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) иелiктен алу туралы өтiнiштердi қарау;
3) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы туралы ұсыныстарды әзiрлеу;
4) Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгін) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы туралы ұсыныстарды шешiм шығару үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзу.
5. Өзiнiң мiндеттерiне сәйкес Комиссияның мыналарға:
1) орталық атқару және өзге мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға;
2) Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының өкілдерiн (келiсiм бойынша) шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және өзге ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
6. Комиссияның Төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды. Төраға болмаған кездерде оның мiндеттерiн орынбасары атқарады.
7. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
Комиссия жұмыс органының функциясын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi жүзеге асырады.
8. Комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды және Комиссияның отырысына қажеттi өзге материалдарды әзiрлеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады, оларды ол отырыстан кем дегенде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiбередi. Комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
9. Комиссияның отырыстары қажеттілiгiне қарай өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып есептеледi.
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледi және отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерi қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және Комиссияның хаттамасына тiркелуге тиiс.