"Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 шiлдедегi N 1605 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағының дирекциясы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
2. Мекеме қызметiнiң негiзгi мәнi "Оңтүстiк" арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрi - "Оңтүстiк" АЭА) басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру болып белгiленсiн.
3. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiне "Оңтүстiк" АЭА-ны құруға және Мекеменiң қызметiн қамтамасыз етуге, инфрақұрылым объектiлерiн салуға, сондай-ақ өзге де күтпеген шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен 821400000 (сегiз жүз жиырма бiр миллион төрт жүз мың) теңге бөлiнсiн.
4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi:
1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Мекемеге жалпы алаңы 200 (екi жүз) гектар жер бөлудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын;
3) екi ай мерзiмде:
"Оңтүстiк" АЭА-ны дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасын;
ЕурАзЭҚ сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес "Оңтүстік" АЭА-ны құру мақсатына жету үшiн қажеттi тауарлар номенклатураларын;
"Оңтүстiк" АЭА-ны құру мақсатына сәйкес келетiн қызмет түрлерi бойынша жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
4) 2005 жылғы 1 қыркүйекке дейiн "Оңтүстiк" АЭА-ның аумағы қоршауының құрылысын аяқтасын және Мекеменiң әкiмшiлiк ғимаратының құрылысына кiрiссiн;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.