Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 666 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі N 763 Қаулысы

Қолданыстағы

      Ақшалай қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 666  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      "Темiртау қаласының" деген сөздер "Қарағанды облысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "тұрғын үйлердегi" деген сөздер "Темiртау қаласының тұрғын үйлеріндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі