Деректерi пайдалы қазбалардың алынатын қорларының құнын есептеу үшін қолданылатын ақпарат көздерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 762 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексi  292-бабының  2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Деректерi пайдалы қазбалардың алынатын қорларының құнын есептеу үшiн қолданылатын ақпарат көздерiнiң тiзбесi бекiтілсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2005 жылғы 21 шілдедегі  
N 762 қаулысымен     
бекiтiлген        

  Деректері пайдалы қазбалардың алынатын қорларының
құнын есептеу үшiн қолданылатын ақпарат көздерiнiң
тiзбесi

      1. "McGraw-Hill Companies Ink" компаниясының "Platt`s Grude Oil Market wire" анықтамалығы.
      2. "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналы.
      3. "Metal-pages Limited" баспасының "Metal-pages" журналы.