Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 759 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Автомобиль көлiгiмен қауіпті жүктердi тасымалдау жөнiндегі кейбiр мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы N 316  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 14, 176-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлiк құралдарына қойылатын білiктiлiк талаптарында:
      2-тармақ:
      "әрекеті" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      5-тармақ "уәкілеттi орган" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - уәкiлетті орган)" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақта:
      "(рұқсаттың)" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша жарылғыш немесе күшті әсер ететiн улы заттарды; азаматтық және қызметтік қаруды және оларға патрондарды, азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылған бұйымдарды тасымалдау кезiнде ішкі iстер органдары берген рұқсаттың бар болуы талап етіледi.";
      9-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақта:
      бiрiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жүк жөнелтушi (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға шарт жасалады.";
      4) тармақша "қауіп" деген сөзден кейiн "және қауіптi жүктi бейтараптандыру" деген сөздермен толықтырылсын;
      11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Қауіптi жүктi тасымалдау шартын жасасу тауар-көлік жүкқұжатын жасаумен расталады.
      Қауіптi жүкті тасымалдау кезінде тасымалдаушының үш данада жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы қол қоятын тауар-көлік жүкқұжаты болуы тиiс.
      12. Тауар-көлiк жүкқұжатының нысаны және оны қолдану тәртiбi уәкілетті орган бекiткен автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережесiмен айқындалады.";
      13-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      14-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы қаулымен бекiтiлген қауiптi жүктердiң тiзiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жіберілетін 1, 6 және 7 кластық қауiптi жүктi тасымалдауға тасымалдаушы қауiптi жүктi тасымалдаудың бағытын әзiрлейдi.";
      16-тармақта:
      "тасымалдаудың" деген сөз "қауiптi жүкті тасымалдаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Адамның өмiрi мен денсаулығы үшін қауіппен, қоршаған ортаға және мәдени құндылықтарға келтiрілетiн залалмен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң қауіпсiздігіне байланысты күтпеген жағдайлар кезiнде қауiпті жүктi тасымалдаудың келісiлген бағытын тасымалдаушы жол полициясы органымен келiсiм бойынша өзгертуi мүмкін.";
      18-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жасап шығарушы зауыттың конструктивтi-техникалық сипаттамасы және қауіптi жүктердi тасымалдайтын көлік құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйіне Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттары;";
      7) тармақша "Жол қозғалысы ережесіне" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтiк құжаттарына" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақша "жарамды" деген сөздiң алдынан "Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      19-тармақтағы "автокөлiк құралына техникалық тексеру жүргiзген" деген сөздер "куәлiк берілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21-тармақтағы төртiншi абзац "жүргізушілер үшін" деген сөздерден кейiн "жол қағазына белгi қоя отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      22-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) осы қаулымен бекiтiлген қауiптi жүктердi тiзiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлетiн 1, 6 және 7 кластық қауiптi жүктi тасымалдау бағытының бланкiсi (3-қосымша);";
      8) тармақшадағы "көлiктiк" деген сөз "тауар-көлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
      26-тармақтың екiншi абзацында "белгi" деген сөз "тану белгiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28-тармақтың бірiнші абзацы "жүк жөнелтушi" деген сөздерден кейiн "(жүк алушы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      30-тармақта:
      екiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй құрылыстары мен адамдардың көп шоғырланған жерiнен кемiнде 200 метр жерде немесе осыған арнайы бөлiнген жерлерде тұруға рұқсат етiледi.";
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қауіпті жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарының тоқтайтын және тұратын орындары қауiптi жүктi тасымалдау бағытында көрсетiледi.";
      32-тармақтың 3) тармақшасындағы "денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органдарға" деген сөздер "төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкiлетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      34-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жарылғыш, тез тұтанатын, радиоактивтi, улы және басқа да қауіпті жүктердiң жөнелтушiлерi (жүк алушылары) жүктердi тасымалдау кезiнде авариялық жағдайлардың алдын-алу, сондай-ақ авариялардың салдарларын жою үшiн қажеттi құралдары мен ұтқыр бөлiмшелерінің болуы жолымен оларды тасымалдау қауiпсiздiгін қамтамасыз етедi.";
      мынадай мазмұндағы 35-тармақпен толықтырылсын:
      "35. Осы Ереженің сақталуын мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде басқа да мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.";
      көрсетiлген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                     Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметінің
                                     2005 жылғы 21 шілдедегі
                                           N 759 қаулысына
                                               қосымша

                               Автокөлiк құралдарымен қауіптi
                            жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан
                             Республикасының аумағы арқылы жүріп
                              өту ережесiне және қауіптi жүктердi
                           тасымалдайтын жүргiзушілер мен автокөлiк
                        құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарына
                                          3-қосымша

            Қауiптi жүкті тасымалдау бағытының бланкiсi

        КЕЛIСIЛДI                          КЕЛIСIЛДI
      Жол полициясы                        Жүкті жөнелтушінің
  басқармасының басшысы                         өкiлi

__________________________               __________________________
     лауазымы                                   лауазымы

_________________________ М.О.           __________________________
     қолы                                         қолы

200__жылғы "___" __________            200__жылғы "___" ___________

                   Қауiптi жүк туралы мәлiметтер
___________________________________________________________________
      Жүктiң атауы                      |       "ҚЖ" тану
                                        |        белгiсі
___________________________________________________________________
Қауiптi жүктiң класы        |           |
----------------------------|           |
Қауіптiлiк N                |           |
БҰҰ тiзiмi бойынша заттың N |           |
___________________________________________________________________

      Бiр көлiк құралындағы жүктiң жалпы салмағы _______ т.
Жүктi бiр мезгілде тасымалдайтын көлiк құралдарының саны ______ авт.
___________________________________________________________________

                    Қозғалыстың ерекше шарттары
___________________________________________________________________
1. Аралықтардағы қозғалыс жылдамдығы.
2. Пана (барлық бағытта, жекелеген учаскелерде)
3. Бірге жүру (барлық бағытта, жекелеген учаскелерде)
4. Түндегi қозғалыс (рұқсат етiлген, тыйым салынған)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                         Қозғалыс бағыты

___________________________________________________________________
   (елді мекендердің, көшелердің және автомобиль жолдарының атауы)
 
1. Жүк жөнелтушiнің мекен-жайы және телефоны
___________________________________________________________________
2. Пункттердің мекен-жайлары және
жүк алушының телефондары
___________________________________________________________________
3. Олар арқылы көлiк құралдары
өтетiн авариялық қызмет пункттерiнің
мекен-жайлары және телефондары
___________________________________________________________________
4. Қажет болған жағдайда
жүктi тапсыруға болатын
аралық пункттердiң мекен-жайлары
___________________________________________________________________
5. Тұрақ орындары
___________________________________________________________________
6. Отын құятын орындар
___________________________________________________________________
7. Тасымалдаушы мен автокөліктің деректері
___________________________________________________________________
   (атауы, Т.А.Ә, мекен-жайы және мемлекеттік нөмірі)
___________________________________________________________________

   _____________________                тасымалдаушы
     (қолы және мөрi)

                                200_ жылғы "___" __________