Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 756 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасында көшi-қон процестерiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 4, 55-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiнде:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Визаның қолданылу мерзiмi шетелдiк азамат паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын аяқталуы тиiс.";
      9-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге визаны тек Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдегі мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттi өкiлдерi бередi.";
      13-тармақта "шетелдiк азаматтар" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
      23-тармақта:
      бiрiншi абзац "рұқсат беруден" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген негіздемелер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалар алынып тасталсын;
      36-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кетiру туралы шешiмдi сот қабылдайды. Бұл ретте шетелдiк азаматтарды кетiрудi ұйымдастыру үшiн қажетті мерзiмге ұстауға жол берiледi. Оларды ұстау iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде жүргізiледi.".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі