Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 998 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 755 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 998  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 468-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялау кезiндегi бiлiктiлiк және қосымша (арнайы) талаптарда:
      2-тармақтың екiншi абзацындағы "негiзгi қызмет түрлерi," деген сөздерден кейiн "шағын кәсiпкерлiк субъектiлерге тиесiлiлiгі туралы ақпарат," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Байланыс саласындағы кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру шарттарында:
      қазақ тілiндегi мәтiнiнде 12-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) лицензиаттың мәртебесiн жыл сайын растау тәртібiн;";
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      "8) абоненттер туралы қызметтiк ақпаратты мiндетті электрондық есепке алуды жүргiзу туралы талапты;
      9) аппараттық-бағдарламалық құралдарды алыстан қосу мүмкiндiгi бар, бiрыңғай файлдар нысанындағы абоненттің шығу мен кiру қосылыстары туралы қызметтiк ақпаратты сақтаудың ұзақ, бiр жылға дейiн, бiрыңғай электрондық деректер банкiнiң болғаны туралы талапты қамтиды.";
      14-тармақтағы "лицензиарды" деген сөзден кейiн "жазбаша түрде" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Байланыс саласындағы лицензиялауға жататын қызметтер тiзбесiнде:
      2-тармақта:
      2) тармақшаның бiрiншi абзацынан кейiн мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) байланыс саласындағы қызметпен байланысты емес, жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желiсiне қосылмаған және негізгi қызмет түрiн жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желiлерiн құру және пайдалану (оның iшiнде жылжымалы радио/радиотелефондық, транкингтiк және пейджингтік байланыс) бойынша.";
      2) тармақшаның екiншi абзацындағы "өндiрiстiк мақсатта" деген сөздер "2) және 3) тармақшаларда көзделген жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі