Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 және 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 748 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 190-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiнде:
      мәтiнде:
      "(даму институттарының)", "(даму институтының)", "(даму институттары)", "(даму институттарына), "қаржы-шаруашылық қызмет жоспары", "қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларын" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтағы "және акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi, мемлекеттiң қатысуы даму институттары (бұдан әрi - даму институттары) жүйесiнiң қалыптасуына негiзделген акционерлiк қоғамдардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарларын" деген сөздер алынып тасталсын;
      14-тармақтың 8) тармақшасының бiрiншi абзацы "Қазақстан Республикасының Үкiметiне" деген сөздерден кейiн "бекiту үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      16-тармақтағы "Даму жоспарларын (қаржы-шаруашылық қызмет жоспарларын)" деген сөздер "өздерiнің Даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) "Мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 қарашадағы N 1201  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 45, 568-құжат):
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Акцияларының" деген сөз "Даму институттарын қоспағанда, акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк кәсiпорындардың, акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесiнде:
      тақырыбындағы ""Акцияларының" деген сөз "Даму институттарын қоспағанда, акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ "(бұдан әрi - Ереже)" деген сөздерден кейiн "даму институттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі