Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Орталық) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң қарамағына берілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi Орталықты мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) Орталықтың жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
2) Орталықтың әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 19 шілдедегi
N 741 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасаудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 25 маусымдағы N 703 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 26, 334-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттар әзiрлеу" ғылыми-техникалық бағдарламасында:
"8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде "Орындау (iске асыру) үшiн жауапты" деген бағанда: "Ұйымдастыру iс-шаралар" деген кiшi бөлiмдегi реттiк нөмiрi 2-жолдағы "БҒМ" деген аббревиатура "ИСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
"Негізгi ғылыми-техникалық iс-шаралар" деген кiшi бөлiмде реттiк нөмiрлерi 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-жолдарда "ҚР БҒМ Орталық" деген сөздер "ҚР ИСМ, Орталық" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 56-жол алынып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-жолмен толықтырылсын:
"6. "Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Алматы қаласы".