Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 шілдедегі N 728 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Әскери-техникалық мектебi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң "Орталық Армия үйi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 21-9-жолдың 3-бағанындағы "Астана" деген сөз "Алматы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 21-13-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі