"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 28-бабының 8-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы N 53 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртібінде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қызметтік міндеттерін не қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің балаларында олар кәмелетке толғанға дейін ведомстволық денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету құқығы сақталады.".