Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 688 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы  N 1388  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289  қаулысымен  бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты меморандумының 3-тармағына сәйкес құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты меморандумы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 289  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 12, 159-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты туралы меморандумда:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "шикізатты өндіру мен өңдеу орнына дейін тасымалдауды қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінің шикізатынан жасалған құрылыс материалдарын өндіру (уату, ұсату, айыру, байыту және басқалары), - 13-бөлімнен, 14.13-сыныптан, 14.3, 14.4-топтардан 14.50.5, 14.50.6-кіші сыныптардан басқа, СВ кіші секциясы;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі С.М.Мыңбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі