Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының құрамын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 683 Қаулысы

Қолданыстағы

      Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары торабын ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Автомобиль жолының Қарағанды қаласы арқылы өтетін жалпы ұзындығы 33 километр учаскесі М-36 "РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы" республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамынан Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қарағанды облысының әкімімен бірлесіп, автомобиль жолының жоғарыда көрсетілген учаскесін қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жіктеу ережесі мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 54, 596-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесінде:
      "М-36 РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды қалалары арқылы" деген жолдағы "2080" деген сандар "2032" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Жиыны" деген жолдағы "23043,9" деген сандар "22995,9" деген сандармен ауыстырылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі