Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 666 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Теміртау қаласының әкіміне төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, адамның денсаулығы мен өмірін сақтау, зиян мен материалдық шығынның мөлшерін төмендету мақсатында тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеуге байланысты шығыстарға 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 60000000 (алпыс миллион) теңге бөлінсін.

      2. Теміртау қаласының әкімі 2005 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде лифтілерге жөндеу жүргізсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі