1. "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясының қазақстандық бөлiгі туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 952 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамына мыналар енгізiлсiн:
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Иван Михайлович сауда бiрiншi вице-министрi, тең төраға
Бөлегенов - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Ерғали Бөлегенұлы министрлiгi Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығы iстерi департаментiнiң
директоры, жауапты хатшы;
көрсетiлген құрамнан Ғұсман Кәрiмұлы Әмрин, Самат Исламұлы Ордабаев шығарылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ережеде:
7-тармақтың 4) тармақшасындағы "және қажет болған кезде нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушыларын көрсете отырып, қол жеткiзген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы Үкiмет шешiмiнiң жобасын" деген сөздер алынып тасталсын.
1) "Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбi кешенiн мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 43 қаулысы ;
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 211-құжат) бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 43 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 қарашадағы N 1117 қаулысы .