Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 cәуipдегі және "Өсiмдiктердi қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.29 N 757 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттік берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 26-жолда 3-бағанда "пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық әдiстермен қолдану жөнiндегi қызмет" деген сөздер "пестицидтерді (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), сату және қолдану жөнiндегi қызмет" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген санитарлық, экологиялық және тау-техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер тiзбесi" деген I бөлiмде 25-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25-2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), сату және қолдану жөнiндегi қызмет";
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзбесi" деген II бөлiмде 21-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21-2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), сату және қолдану жөнiндегi қызмет";
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19 N 610 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.29 N 757 Қаулысымен.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 22 маусымдағы
N 613 қаулысымен
бекiтiлген
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру
(формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке
және заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.29 N 757 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 22 маусымдағы
N 613 қаулысымен
бекiтiлген
Пестицидтердi (улы химикаттарды) сату жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға
қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.29 N 757 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 22 маусымдағы
N 613 қаулысымен
бекiтiлген
Пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі
қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға
қойылатын бiлiктiлiк талаптары
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.08.29 N 757 Қаулысымен.