Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 64 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 маусымдағы N 594 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 64  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 4, 35-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармақтың 1) тармақшасындағы "52000000 (елу екі миллион) теңге" деген сөздер "107585000 (бір жүз жеті миллион бес жүз сексен бес мың) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі