Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 маусымдағы N 563 Қаулысы

Қолданыстағы

      Кейбiр республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң салаларында бәсекелес ортаны дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сақшы-На страже" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сақшы-На страже" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып қайта құрылу жолымен;
      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Материалдық мәдениет ескерткiштерiнiң ғылыми-зерттеу және жобалау институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Көшпелiлердiң мәдени мұрасы проблемалары жөнiндегi қазақ ғылыми-зерттеу институты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып қайта құрылу жолымен;
      3) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Республика сарайы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Республика сарайы" акционерлiк қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
      4) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Гүлдер" ансамблi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Қазақконцерт" мемлекеттiк гастрольдiк-концерт бiрлестiгi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ әуендерi" ұлттық концерт бiрлестiгi" акционерлiк қоғамы болып бiрiгу жолымен;
      5) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық компаниясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлiк қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
      6) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Көркемсурет көрмелері дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Көркемсурет көрмелерi және аукциондар дирекциясы" жауапкершілiгi шектеулі серiктестігi болып қайта құрылу жолымен;
      7) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы" жауапкершiлiгi шектеулi серіктестігі болып қайта құрылу жолымен;
      8) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Қазақ мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Мәдени саясат және өнертану институты" жауапкершілiгi шектеулi серiктестігі болып қайта құрылу жолымен;
      9) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi Спорт iстерi комитетiнiң "SPORT&ks" газетiнiң редакциясы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "SPORT&ks" газетiнің редакциясы" жауапкершiлігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылу жолымен;
      10) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
      11) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" акционерлiк қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
      12) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің "Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы" акционерлік қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
      13) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы Медициналық орталығының "Оқжетпес" клиникалық шипажайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Оқжетпес" шипажайы" акционерлiк қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
      14) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Қаржы жүйесiн ақпараттандыру орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы" акционерлiк қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
      15) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Шаруашылық басқармасы" акционерлiк қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
      16) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетiнiң "Өрт сөндiрушi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Өрт сөндiрушi" акционерлiк қоғамы болып қайта құрылу жолымен;
      17) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Қазақстанэнергия" ұлттық энергетикалық жүйесi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Алматыэнергия" және "Қарағандыэнергия" ҚЭЖ" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қосу жолымен;
      18) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң "Өрт қауiпсiздiгi мен азаматтық қорғаныстың арнайы ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң "Өрт қауiпсiздiгi мен азаматтық қорғаныстың арнайы ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып қайта құрылу жолымен;
      19) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "ҚазАлкоОрталық" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық оқу-әдiстемелiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "С.Х.Сұбханбердин атындағы Қазақстан медицинасы мен денсаулық сақтау тарихы мұражайы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық аурухана жанындағы емдеу-еңбек шеберханасы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
      5) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Ғылым" ғылыми баспа орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны таратылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Республикалық мемлекеттік жөндеу-құрылыс және қайта жаңарту басқармасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта аталсын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органдарымен бiрлесiп, жоғарыда аталған мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта ұйымдастыруға, таратуға және қайта атауға байланысты осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) "Мемлекеттік кәсiпорындар қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2005 жылғы 30 наурыздағы N 70-ө  өкiмiмен  құрылған жұмыс топтарының ұсынымдарын ескере отырып, коммуналдық меншiктiң жекелеген мемлекеттiк мекемелерiн бәсекелес ортаға берудi;
      2) түгендеу жүргiзу сәтiнде жұмыс iстемей тұрған коммуналдық меншiктiң мемлекеттiк кәсiпорындарын таратуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзудi қамтамасыз етсiн.

      6. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) мемлекеттiк кәсiпорындардың қызмет мәнiн "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы  Заңына  сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қабылдасын;
      2) тиiстi жыл қорытындылары бойынша тұрақты негiзде мемлекеттік кәсiпорындардың қызмет түрлерiне талдау жүргiзсiн және бiр ай мерзiмде мемлекеттiк кәсiпорындарды бәсекелес ортаға беру жөнiндегi бар ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiне енгiзсiн.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігіне жүктелсiн.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi