Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешімдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 557 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру" жобасының аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:

      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнің      
2005 жылғы 3 маусымдағы 
N 557 қаулысына   
қосымша         

  Қазақстан Республикасы Yкіметінің күшi жойылған
кейбiр шешiмдерінiң тiзбесi

      1. "Жердi суландыру және дренаж жүйелерін жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келiсiмнiң күшіне енуіне арналған шарттарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237  қаулысының 2-тармағы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 сәуiрдегі N 287  қаулысы бiрiншi, екiншi және үшiншi абзацтарды қоспағанда.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 25 қаңтардағы N 112  қаулысының 1-тармағаның алтыншы абзацы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 93  қаулысы .

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 қазандағы N 1237 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 18 наурыздағы N 336  қаулысының 1-тармағының үшiншi, төртiншi, бесіншi абзацтары.