1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:
10-тармақта:
1) тармақшада:
мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзудi;";
сегiзiншi абзацта:
"жылжитын мүлiк кепiлдiгiн" деген сөздерден кейiн "есепке алуды және" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыруды" деген сөздерден кейін ", олардың жеке куәлiктерi мен төлқұжаттарын дайындауды және бepудi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"азаматтар мен заңды тұлғалардың Әдiлет министрлiгiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының
заңнамасында
белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;
стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетуді.";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi туралы ережеде:
10-тармақта:
1) тармақшада:
алтыншы абзацта "жеке нотариустар лицензияларының" деген сөздер "нотариустық қызметпен айналысу құқығына берiлетiн лицензиялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацта "адвокаттар лицензияларының" деген сөздер "адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетудi;
оған басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;
азаматтар мен заңды тұлғалардың Әдiлет министрлiгiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;";
2) тармақшаның бiрiншi абзацында "және қадағалау" деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақтың 7) тармақшасында "жеке нотариустардың және адвокаттардың лицензияларын" деген сөздер "нотариустық (адвокаттық) қызметпен айналысу құқығына берiлген лицензияларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi туралы ережеде:
10-тармақта:
1) тармақша:
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"сотталғандарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындауды;";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"сотталғандарға түзету ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастыруды;
қылмыстық жазасын өтеген адамдардың әлеуметтiк бейiмделуi мен оңалуын ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тартуды;
басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қылмыстық-атқару жүйесi органдарына (мекемелерiне) берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;
Қазақстан Республикасының заңнамасын қылмыстық-атқару қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзудi;
азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;";
2) тармақшада:
жетiншi абзацта "түзету мекемелерiнде" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегiзiншi абзацта "сотталғандардың" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi туралы ережеде:
1-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарында:
"жылжымайтын мүлiк кепiлiн" деген сөздерден кейiн "есепке алу және" деген сөздермен толықтырылсын;
"азаматтарды құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
1) тармақшада:
екiншi абзацта:
"жылжымалы мүлiк кепiлiн" деген сөздерден кейiн "есепке алу және" деген сөздермен толықтырылсын;
"азаматтарды құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi абзацта "азаматтарды тiркеу және құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру, азаматтарды есепке алу және тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"жеке тұлғаларға меншiк құқығында тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын олардың салық салу объектiлерiн бағалау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды;
стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;
өз құзыретi шегінде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсетудi;
оған басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз етудi;
азаматтар мен заңды тұлғалардың Әділет министрлігiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды, және өтiнiш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;";
2) тармақшаның екiншi абзацында:
"жылжымайтын мүлiк кепілiн" деген сөздер кейiн "eceпкe алу және" деген сөздермен толықтырылсын;
"азаматтарды құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру" деген сөздермен толықтырылсын;
5) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитеті туралы ережеде:
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар Комитетке берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтерді қорғауды қамтамасыз етуді;
Қазақстан Республикасының заңнамасын зияткерлік меншiк саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиістi ұсыныстар енгізудi;
азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;
стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етуді;";
11-тармақ 10) тармақшадағы "құқығы бар" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының зияткерлік меншiк саласындағы заңнамасын сақтау мәнiне тексерудi жүзеге асыруға".