Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 546 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгi шарттарды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 45, 493-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметiнiң
                                          2005 жылғы 1 маусымдағы
                                               N 546 қаулысына
                                                  1-қосымша

                                           Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметiнiң 
                                          2003 жылғы 28 қарашадағы
                                              N 1194 қаулысымен
                                                   бекітілген

         Электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiнде
            қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт

___________________              200__жылғы "__"___________________
(шарттың жасалған орны)
 
      Бұдан әрi, Орындаушы деп аталатын____________________________
___________________________________________________________________
(электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегі қызметтер
көрсетудi -
___________________________________________________________________
өңірлік және/немесе жергілікті деңгейлер желілері бойынша ұсынатын
субъектінің атауы, құрылтай
___________________________________________________________________
құжаттары, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi мен
берген орган)
____________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
__________________________________тұрғысында бiр тараптан және бұдан
    (лауазымы, аты-жөнi)
әрі Тапсырысшы деп аталатын________________________негiзiнде әрекет
ететін_____________________________________________________________
  (пайдаланушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік
___________________________________________________________________
    тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi мен берген орган)
_________________________________________________________тұрғысында
                   (лауазымы, тегi, аты-жөнi)
екiншi тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      теңгерiмдiк тиесілілiк бөлiмiнің шекарасы - тараптарға меншiк құқығында, өзге де заттық құқықта немесе заңмен белгiленген өзге негiздер бойынша тиесiлі болатын электр энергиясын бepудің соңғы пунктiнде теңгерiмдiк тиесiлiлiктi ажырату актiсiмен айқындалатын олардың электр желiлерi бөлiмiнiң шекарасы;
      электр энергиясының сапасы - нормативтік техникалық кесімдерде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн электр энергиясы жарамдылығының дәрежесi;
      электр энергиясының көлемi - Орындаушы мен Тапсырысшының және/немесе үшіншi тұлғалардың теңгерiмдiк тиесілiк бөлiмiнiң шекарасында коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiмен айқындалатын, Шарт бойынша қызметтердiң құнын айқындау мақсатында киловатт-сағатпен өлшенетiн, Тапсырысшының атына берiлген электр энергиясының мөлшерi;
      өтiнiм - Тапсырысшы қол қойған және Шартта белгіленген тәртiппен және мерзiмдерде Орындаушыға жолданатын, электр энергиясының көлемi, электр энергиясын берудің уақыт кезеңi, осы кезең iшiнде қуаты жөнiндегі көлемдi бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінiм айлық, тәулiктiк және жедел болуы мүмкiн;
      электр энергиясын беру және/немесе бөлу - Орындаушының электр желiлерi, кiшi станциялары және бөлу құрылғылары бойынша қабылдау пункттерiнен Тапсырысшы желiлерiнiң теңгерiмдiк тиесiлілiк бөлiмiнiң шекарасына дейiн электр энергиясын беруге және/немесе бөлуге байланысты энергия берушi ұйым көрсететiн қызмет;
      коммерциялық есептеу құралы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртiппен қолдануға рұқсат етілген электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
      қабылдау пунктi - электр энергиясының көлемiн Орындаушының желілерi бойынша жеткiзу пункттерiне дейiн кейiннен беру үшін оны Тапсырысшы Орындаушыға беретiн Орындаушының теңгерiмдiк тиесілілiк бөлiмiнiң шекарасында қосу (қосулар жүйесi);
      жеткізу пунктi - Орындаушы электр энергиясын Тапсырысшыға беретiн Орындаушының теңгерiмдiк тиесілілік бөлiмiнiң шекарасында қосу (қосулар жүйесi);
      есеп айырысу кезеңi - Орындаушының электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметiне есеп айырысу жүргізiлетiн айдың бiрiншi күнiнiң 00-00 сағатынан бастап соңғы күнiнiң 24-00 сағатына дейiн бiр күнтізбелiк айға тең уақыт кезеңi;
      реттеушi орган - табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган немесе белгiленген құзырет шегінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган;
      тәулiктiк кесте - Қазақстан Республикасының электр қуаты мен энергиясының рыногы субъектілерiнiң 00-00 сағаттан 24-00 сағатқа дейiн электр энергиясын өндiрудiң, берудің, жеткiзудiң және тұтынудың әрбiр күнтiзбелiк тәулiкке орташа сағаттық шамаларын регламенттейтiн құжат;
      электр энергиясын есептеу схемасы - оларға есеп айырысу үшiн берілетін электр қуатының және энергиясының есебiн қамтамасыз ететін электр энергиясын есептеу құралдарының белгілi бiр электр қосылысы;
      уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      нақты теңгерiм - есеп айырысу кезеңiнде осы рынок субъектілерi электр энергиясының бөлшек сауда рыногында өндiрген, жеткiзген және тұтынған электр энергиясының көлемдерiн атаулы бөлудi белгілейтiн құжат;
      электр энергиясының нақты көлемi - Орындаушы Тапсырысшының атына берген, коммерциялық есептеу құралдары көрсеткiштерінің негiзiнде айқындалған және тараптардың салыстыру актiсiмен расталған электр энергиясының көлемi;
      электр желiлерi - Орындаушыға да және/немесе Тапсырысшыға да және үшiншi тұлғаларға да меншiк құқығында, заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де негiздер бойынша тиесілі кiшi станциялардың, бөлушi құрылғылардың және оларды бiрiктiрушi электр беру желілерiнiң жиынтығы;
      энергия өндiрушi ұйым - электр энергиясын өндiрудi жүзеге асыратын ұйым.

  2. Шарттың мәнi

      2. Шарттың алдындағы міндетті талаптар (электр энергиясын өңiраралық және/немесе жергілікті деңгейлердiң желiлерi бойынша беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтер көрсетудiң техникалық талаптары мен сипаттамалары):
___________________________________________________________________
 (осы тармақта нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына
___________________________________________________________________
сәйкес келуге тиіс мiндетті талаптар (Шарттың мәнінің техникалық
талаптары мен сипаттамалары) көзделедi)

      3. Орындаушы Тапсырысшының тұтынушыларына теңгерiмдiк тиесілігi және/немесе Орындаушының теңгерiмдiк тиесiлiгi және/немесе пайдалану жауапкершілігі шегiнде Орындаушының электр желiлерi бойынша электр энергиясын берудi және/немесе бөлудi жүзеге асыруға мiндеттенедi.
      4. Тапсырысшы Орындаушының Шартта белгіленген талаптардың негiзiнде электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерiне ақы төлеуге, сондай-ақ осы Шартта көзделген техникалық талаптарды орындауға мiндеттенедi.

  3. Қызметтер ұсыну шарттары

      5. Электр энергиясын беру және/немесе бөлу осы Шартқа сәйкес жүргiзiлген ықтимал түзетудi ескере отырып, тоқсандар, айлар бойынша бөлумен Тапсырысшының электр энергиясын беру көлемдерінiң жылдық өтiнiмнiң негізiнде және оған сәйкес жүргiзіледi.
      6. Алдағы тоқсанға арналған өтінім тиiстi тоқсан басталғанға дейiн алпыс күнтiзбелiк күннен кешіктiрмей беріледі. Өтiнiмдi тоқсан басталғанға дейiн 20 күн бұрын Тапсырысшының түзетуiне жол беріледі.
      7. Алдағы айға арналған өтiнiм тиiстi есеп айырысу кезеңi басталғанға дейiн он күнтізбелiк күннен кешiктірмей беріледі.
      8. Электр энергиясын беру және/немесе бөлу көлемдерiнiң өтiнiмiн Тапсырысшы Орындаушыға жазбаша нысанда бередi.
      9. Электр энергиясын шарттасқан берудiң және/немесе бөлудiң айлық көлемiн түзету жөнiндегi ұсыныстарды Тараптар өзгерiстер басталғанға дейiн кемінде 1 (бiр) тәулiк бұрын жедел келiседi және шарттық шама көлемiн түзету жөнiндегi өтiнiм түрiнде ресiмдейдi.
      Электр энергиясының тәулiктік көлемiнiң және оларды қуаты бойынша бөлудiң айлық өтінiмiне Тапсырысшының түзетуiне жол беріледі. Түзету:
      1) көлемi түзетілетiн алдағы тәулiктерге тәулiктің 10-00 сағатынан кешiктiрмей берілетін тәуліктік өтiнiм;
      2) көрсеткiштерi түзетiлетiн мерзiм басталғанға дейiн отыз минуттан кешiктiрмей берілетін жедел өтiнiм арқылы жүзеге асырылады.
      10. Тәуліктік өтiнiмдi Тапсырысшының уәкілетті өкiлi факсимильдiк байланыс арқылы бередi.
      11. Телефонограмма нысанындағы жедел өтiнiмдi кейiннен оны мiндеттi түрде жазбаша ресiмдей отырып, Тапсырысшының уәкілетті өкілі бередi. Тапсырысшы Орындаушыға жазбаша хабарлама арқылы жедел өтінiмдер берушi уәкілетті өкілдiң тегiн, аты мен әкесiнiң атын уақтылы хабарлайды.
      Орындаушыға Шартты орындау мақсатында Тапсырысшының айлық, тәулiктiк, жедел өтiнiмдерін, сондай-ақ мереке және демалыс күндерi түсетiн жедел өтінімдерiн қабылдауға тиiстi телефондардың және/немесе факсимильдiк аппараттардың нөмiрлерi өзгерген кезде Орындаушы Тапсырысшыны бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндеттi.
      12. Есеп айырысу кезеңінде жол берілетін шама электр энергиясын берудiң және/немесе бөлудiң нақты көлемiнiң мәлімделгеннен азаю жағына 10 % ауытқуы болып саналады.

  4. Электр энергиясын есепке алу

      13. Орындаушы жеткізу пункттерінде есеп айырысу кезеңi ішінде берген және/немесе бөлген электр энергиясының нақты көлемi теңгерiмдiк тиесілiлiк шекараларында орнатылған коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерi негiзiнде есеп айырысу кезеңiнiң бiрiншi күнтізбелiк күнінің 00-00 сағатынан бастап соңғы күнтiзбелiк күнiнің 24-00 сағатына дейiн айқындалады.
      Есеп айырысу кезеңi iшiнде берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының нақты көлемi коммерциялық есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негізінде жасалатын берiлген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемдерін салыстыру актiсiмен расталады.
      14. Тараптардың коммерциялық есептеу құралдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерiлуге және оларға пломба салынуға тиiс. Тараптар көрсеткіштерді алу, телеөлшеуiштер тiзбектерi мен коммерциялық есептеу жүйелерiнiң техникалық жай-күйін тексеру үшін бiр-бiрiне жұмыс күндерi сағат 8-00-ден бастап 20-00-ге дейiн коммерциялық есептеу құралдарына қол жеткiзуге рұқсат беруге тиiс. Егер айлық көрсеткiштердi алу кезiнде тараптардың бiрi болмаса, онда екiншi тарапқа көрсеткiштердi алуды дербес жүргізуге рұқсат беріледі.
      15. Тараптар тараптардың қолдары қойылатын және мөрлерiмен расталатын тиiсті есеп айырысу кезеңi iшiнде берiлген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiн келесi есеп айырысу айынан кейiнгі күнтiзбелiк айдың 5 күнiне дейiнгi мерзiмде ресiмдейдi. Салыстыру актiсi есептiден кейiнгі күнтізбелiк айдың 3 күнiнен кешiктiрмей Орындаушы Тапсырысшыға ұсынған коммерциялық есептеу құралдары деректерінің негізінде жасалады. Тараптардың бiрi салыстыру актісiне қол қоюдан бас тартқан жағдайда берiлген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемiн растайтын құжат нақты теңгерiм болып табылады.
      16. Егер электр энергиясының есебi Орындаушы мен Тапсырысшының теңгерiмдiк тиесілілік бөлiмiнiң шекарасынан жүргiзiлмеген жағдайда, онда берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының нақты көлемi шекарадан есептеу құралдары орнатылған орынға дейінгі учаскедегi электр энергиясының ысыраптарын қоса отырып, коммерциялық есептеу құралдары бойынша айқындалады.
      Шекарадан есептеу құралдары орнатылған орынға дейiнгi учаскедегi электр энергиясының есептiк ысыраптарын Орындаушы айқындайды және желiнiң осы учаскесi теңгерiмiнде тұрған тараптың шотына жатқызады.
      Егер Тапсырысшы ысыраптардың есептiк шамасымен келiспеген жағдайда, ол өз есебiнен энергетикалық сараптама жүргiзуге уәкілетті органның рұқсаты бар ұйымды тарта отырып, сараптама жүргізуге құқылы.
      Егер көрсетiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша ысыраптардың есептiк шамасы асыра көтерiлгенi анықталған жағдайда, онда осы шығындарды Орындаушы өтеуге тиiс.
      17. Тараптар өз есебiнен өздерiнiң теңгерiмiнде тұрған коммерциялық есептеу құралдарына тиiстi метрологиялық стандарттармен көзделген мерзiмде метрологиялық тексерулер жүргізеді.
      Тараптар талап етушi тарап есебiнен жүргiзілетiн қосымша тексерулер жүргiзудi талап ете алады.
      Егер қосымша тексеру кезiнде коммерциялық есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң олардың дәлдiк класы жол беретiн ауытқудан асқаны анықталған жағдайда, онда қосымша тексеру жөнiндегi шығындарды коммерциялық есептеу құралдарының иесi төлейдi.
      18. Орындаушы электр энергиясын есептеу схемасындағы бұзушылықтарды, есептiк есептеу құралдарындағы ақауларды тапқан кезде, Орындаушы Тапсырысшыны немесе оның тұтынушысын электр желiсiнен ажыратады, тиiстi акт ресiмдейдi және жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар және/немесе ақаулар анықталған сәттен бастап 24 сағат ішінде заңнамада белгіленген тәртiппен Тапсырысшыға берiлген электр энергиясының көлемiне қайта есеп айырысу жүргiзедi.
      Акт Орындаушы өкiлiнiң және тексерiлетiн Тапсырысшының немесе оның тұтынушысының не олардың өкiлiнiң қолы болған кезде жарамды. Акт Тапсырысшы немесе оның тұтынушысы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да бiрақ оны Орындаушының және/немесе құрамына кем дегенде үш адам кiретiн кондоминиумды басқару органының комиссиясы ресiмдеген кезде жарамды деп есептеледі.
      Тапсырысшыны немесе оның тұтынушысын электр желiсiне қосу Орындаушы анықталған бұзушылықтарды жойған және жүргiзiлген қайта есеп айырысуға сәйкес ақы төлеген сәтiнен бастап жүзеге асырылады.

  5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      19. Орындаушы Тапсырысшының тарапынан шарттық талаптар бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын берудi және/немесе бөлудi шектеуге немесе тоқтатуға құқығы бар.
      20. Орындаушы мынадай жағдайларда:
      1) Тапсырысшы Шарттың талаптарын және/немесе қолданыстағы заңнамада қойылатын талаптарды бұзған кезде;
      2) егер сатушы босататын iстен шыққан қуатты ауыстыру және/немесе Орындаушының электр желілері бойынша электр энергиясының бағытын және қуатын Тапсырысшының мекен-жайына өзгерту мүмкiн болмаса, авариялық жағдай туындаған кезде;
      3) егер электр энергиясын басқа бағыт бойынша беру және/немесе бөлу мүмкiндiгi болмаса, Тапсырысшының келiсімi бойынша оларды өткiзу мерзiмiне жөндеудің жылдық немесе айлық кестесiнде көзделген өздерiнiң электр желiлерiне жөндеу жұмыстарын жүргiзген кезде, Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзге іс-әрекеттердi жасауға, сондай-ақ Тапсырысшыға электр энергиясын берудi және/немесе бөлудi шектеуге немесе толығымен тоқтатуға құқығы бар.
      21. Орындаушы:
      1) электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтердiң барлық тұтынушылары үшін тең жағдайлар ұсынуға;
      2) реттеушi орган бекіткен тарифтер бойынша электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi көрсетiлген қызметтер үшін ақы алуға;
      3) осы Шартта белгіленген жағдайлардан басқа электр энергиясын беруде және/немесе бөлуде үзiлiстерге жол бермеуге міндетті.
      22. Тапсырысшының:
      1) жасалған Шартқа сәйкес Орындаушының электр энергиясын беру және/бөлу жөнiндегi қызметтерiн пайдалануға;
      2) Орындаушыдан электр энергиясын берудi және/немесе бөлудi тоқтатудан, электр энергиясын кем жеткiзуден немесе жасалған Шарттың белгілі бip талаптарына сәйкес оның стандарттық өлшемдерiне жауап бермейтiн жеткiзуден келтiрілген залалдарды өтеудi талап етуге;
      3) шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына жүгiнуге құқығы бар.
      23. Тапсырысшы және оның тұтынушысы:
      1) ток қабылдағыштар мен коммерциялық есептеу құралдарын тиісті техникалық жай-күйде ұстауға, нормативтiк құқықтық кесiмдермен айқындалатын техникалық шарттарды орындауға;
      2) Шартта белгіленген энергияны тұтыну режимдерiн сақтауға;
      3) Шарттың талаптарына сай электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегi қызметтерге уақтылы ақы төлеуге;
      4) Орындаушының қызметкерлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесiмдерiне сәйкес электр қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн Мемэнергияқадағалаудың қызметкерлерiн коммерциялық есептеу құралдарына жiберуге;
      5) Орындаушыға Тапсырысшының тұтынушыларына электр энергиясын жеткiзудiң тәулiктiк кестелерiн ұсынуға міндетті.

  6. Тараптарға қойылатын талаптар

      24. Тапсырысшыға қойылатын талаптар:
      1) қабылдау пункттерiнде тиісті сападағы электр энергиясын оны электр желiлерi арқылы Тапсырысшының жеткiзу пункттерiне мәлiмделген кестеге сәйкес көлемде беру үшiн Орындаушыға беру;
      2) электр тұтынудың режимiн жүргiзу жөнiндегi орталық диспетчерлiк басқармасының, диспетчерлiк қызметтiң, өңiрлiк диспетчерлiк орталықтың пәрмендерiн орындау;
      3) күн сайын сағат 10-00-ге дейiн энергия өндiрушi ұйыммен келісілген жедел өтiнiмдi, онда Тапсырысшының келесi тәулiктерге арналған жүктелiмнiң тәулiктiк кестесiн көрсете отырып, ұсыну. Өндiрiстік қажеттiлiк жағдайында (авариялық жағдайлар, жүктелiмдердiң технологиялық төмендеуi) жедел өтiнiм түзету үшiн Орындаушыға дереу жолданады;
      4) күн сайын сағат 10-00-ге дейiн өткен тәулiктер iшiнде берiлген және/немесе бөлiнген электр энергиясының нақты көлемi туралы Орындаушыға ақпарат беру;
      5) Орындаушыға бiр энергия көзiнен басқасына өту туралы осындай өту басталғанға дейiн кемiнде 72 сағат бұрын ескерту;
      6) Шарт жасасу кезiнде (eгep Тапсырысшы энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiсi болып табылса) Орындаушыға авариялық бронь актiсiн және банктiң не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) Тапсырысшының энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiлерiнiң энергияны авариялық бронь мөлшерiнде тұтынғаны үшiн есеп айырысу жөнiндегi кепілді мiндеттемелерiн ұсыну;
      7) электр энергиясын импорттау жағдайында Тапсырысшы өзiне кейiннен Орындаушының желiлерi бойынша беру үшiн Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн электр энергиясын декларациялау және кедендiк ресiмдеу, сондай-ақ осыған байланысты оның барлық көлемi бойынша тиiстi салықтар мен алымдарды төлеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдайды. Бұл ретте Тапсырысшы Орындаушы үшін электр энергиясын беруге арналған рұқсат болып табылатын кедендiк декларацияның төртiншi данасын Орындаушыға беруге мiндеттi;
      8) Тапсырысшының немесе оның тұтынушыларының басқаруындағы және қарамағындағы электр желiлерiн пайдалану қауiпсiздiгiн және электр энергиясы мен қуатын беруге және/немесе бөлуге байланысты пайдаланылатын құралдар мен жабдықтардың жарамдылығын қамтамасыз ету.
      25. Орындаушыға қойылатын талаптар:
      1) электр желiлерi бойынша тиісті сападағы электр энергиясын Тапсырысшының тұтынатын қуатының тәулiктiк кестесiне сәйкес беру;
      2) Тапсырысшының энергиямен үздiксiз жабдықтау объектiлерi үшiн қажетті көлемде электр энергиясын Шартқа жеке келiсiм негiзiнде банктiң не қазынашылықтың (облыстық қаржы басқармасының) кепiлдi мiндеттемелерiн ескере отырып, авариялық бронь актiсiне сәйкес берудi және/немесе бөлудi қамтамасыз ету.
      26. Егер электр энергиясын берудi және/немесе бөлудi шектеу/бағытын өзгерту қажеттігi Орындаушының электр желiлерiндегi авариялық жағдайдан туындаса, соңғысы Тапсырысшының атына дереу хабарлама жолдайды.

  7. Есеп айырысу тәртiбi

      27. Орындаушының электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегі қызметтерiне ақы төлеудi Тапсырысшы реттеушi орган бекiткен тарифке сәйкес жүргiзедi.
      28. Тариф өзгерген жағдайда, Орындаушы бұл туралы Тапсырысшыны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа тариф қолданысқа енгізілгенге дейiн он күнтізбелiк күн бұрын хабардар етедi.
      29. Түпкiлiктi есеп айырысуды Орындаушының берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемдерiн салыстыру актiсiнiң негiзiнде шығарылған төлемге шот-фактурасын iс жүзiнде ұсынған сәттен бастап Тапсырысшы бес банктік күн ішінде жүргiзедi.
      30. Тапсырысшы Шарттың 15-тармағында көзделген мерзiмде оған берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемiн салыстыру актiсiн ұсынбаған кезде, өткен есеп айырысу кезеңi iшiндегi Орындаушының қызметiне ақы төлеу мөлшерi берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемiн салыстыру актісі ұсынылған жағдайда, кейiннен Орындаушының келесi есептiк кезеңдегі қызметтерiне ақы төлеу мөлшерiн түзете отырып, Орындаушының берілген және/немесе бөлiнген электр энергиясының көлемi туралы қолда бар жедел деректерiне сәйкес айқындалады.
      31. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, төлем бiрiншi кезекте осы берешектi өтеуге жiберiледi. Тапсырысшы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзiндегіден артық сома төлеген жағдайда, осы артық соманың айырмасы келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне (не тараптардың келiсiмi бойынша Орындаушының алдындағы Тапсырысшының өзге міндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) автоматты түрде есептеледi. Егер Тапсырысшы Орындаушының келесi есеп айырысу кезеңiне арналған қызметiнен бас тартса, Тапсырысшының Орындаушының алдындағы өзге де мiндеттемелерi бойынша берешегiн (eгep осындай болса) өтеуге жүретiн соманы қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.
      32. Егер Тапсырысшы шығарылған шоттың дұрыстығын дауласа, ол осы шотты алған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде Орындаушыны хабардар етедi және Орындаушыға қарсылықтарды баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте Тапсырысшы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде шоттың дауланбаған бөлiгiн төлеуге міндетті.
      33. Егер бақылау-өлшеу құралдарының жарамсыздығының нәтижесiнде шоттарға түзету қажет болған жағдайда және басқа да жағдайларда, Тараптар кейiнгi есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгiзедi.
      34. Шот-фактурада көрсетiлген деректемелер бойынша Орындаушының ағымдағы шотына немесе Тапсырысшыға жолданған хабарламада Орындаушы көрсеткен деректемелер бойынша үшіншi тараптың ағымдағы шотына ақша есептеу Орындаушының электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегi қызметтерiне ақы төлеу бойынша Тапсырысшының мiндеттемелерiн орындауы деп танылады.
      35. Тараптардың келiсiмi бойынша электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерге ақы төлеудiң қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтiн өзге де тәртiбi мен нысаны белгiленуi мүмкiн.
      36. Орындаушының электр желілеріндегi электр энергиясының нормативтiк ысыраптары есеп айырысу жолымен анықталады және оларды заңнамада белгiленген тәртiппен уәкілетті орган бекiтедi. Орындаушының электр желiлерiндегi электр энергиясының iс жүзiндегi ысыраптарының құнын Орындаушы генерациялау көзiне төлейдi.

  8. Тараптардың жауапкершілігі

      37. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      38. Шот бойынша төлем мерзiмi келген сәтте оны төлемегенi үшiн, Орындаушы Тапсырысшы төлемеген сомалар бойынша, төлем мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi келесi күннен бастап тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзiмi өткен сомалар бойынша Орындаушы Тапсырысшыдан төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн Тапсырысшы ақшалай мiндеттемесiн iс жүзінде орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген 1,5 еселiк қайта қаржыландыру ставкасын негiзге ала отырып, есептелген тұрақсыздық айыбын төлеудi талап етуге құқылы.
      39. Есеп айырысу кезеңi iшiнде электр энергиясын берудiң және/немесе бөлудің айлық көлемi тараптармен келiсiлгеннен Орындаушының кiнәсi бойынша iс жүзiнде төмендеген кезде, соңғысы кез келген көздерден кем жеткiзiлген көлемнiң орнын толтырады, олай болмаған жағдайда, Тапсырысшы электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызмет құнының мөлшерiнде кем жеткiзiлген электр энергиясының көлемiн негiзге ала отырып, айыппұл салуға құқылы.
      40. Егер энергия өндiруші ұйым Тапсырысшының атына шарттасқаннан төмен қуат берген жағдайда, онда Орындаушы сатушы босатқан қуатқа теңгерілетін шамаға дейiн Тапсырысшының атына берiлген қуатқа шектеу жүргізедi.
      41. Төлемегенi немесе уақтылы төлемегенi үшiн, сондай-ақ энергия өндiрушi ұйымның электр энергиясын/қуатын кем бергенi үшiн шектеу немесе ажыратып тастау кезiнде туындаған салдарларға жауапкершілiк толығымен Тапсырысшыға жүктеледi. Бұл ретте Тапсырысшының тұтынушыларының, оның iшiнде энергиямен үздiксiз жабдықтау объектілерiнiң ажыратылуының ықтимал салдарлары үшiн барлық жауапкершілiк Тапсырысшыға жүктеледi.

  9. Форс-мажорлық жағдайлар

      42. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiстi дәрежеде орындалмағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш жағдайларының салдарынан болған жағдаяттар болса, жауапкершілiктен босатылады. Мұндай жағдайда тараптардың бiр де бipeуi залалдың орнын толтыруға құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенiнің талабы бойынша мұндай жағдайда өзара міндеттемелердiң атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте тараптардың бiр де бipeуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш жағдаяттары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды.
      43. Егер Тараптардың біреуі еңсерiлмес күштiң жағдаяттары болған сәттен бастап алпыс күнтізбелiк күн iшiнде өзiнiң Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға шамасы келмейтiн болса, екiншi тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.

  10. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      44. Электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтер көрсету шартын тараптар жеке тәртіппен жасасады.
      45. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша туындаған қандай да бiр дау немесе келiспеушілiк жағдайында тараптардың кез келгенi екiншi тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.
      Тараптар туындаған дауларды келiссөздер жолымен реттеу бойынша қажеттi барлық күш-жiгерлерiн жұмсауға тиiс.
      46. Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушілiктер сот тәртiбiмен шешіледi.
      47. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
      48. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
      Шарт мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында тiркеледi және тiркелген сәттен бастап қолданысқа енедi.

  11. Шарттың қолданылу мерзiмi

      49. Шарт 200__жылғы "__"_______00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200__жылғы "___"_____ 24-00 сағатқа дейiн қолданылады.
      50. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын тараптардың біреуі бұл туралы мәлiмдece электр энергиясын беру және/немесе бөлу көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.

  12. Тараптардың деректемелерi

      Орындаушы:___________         Тапсырысшы:______________ 

                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Yкiметiнiң
                                          2005 жылғы 1 маусымдағы
                                               N 546 қаулысына
                                                  2-қосымша

                                           Қазақстан Республикасы
                                                  Yкiметiнiң
                                          2003 жылғы 28 қарашадағы
                                              N 1194 қаулысымен
                                                   бекітілген

          Жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегі
           қызметкердi көрсетуге арналған үлгі шарт

_________________________                200__жылғы "__"__________
 (шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі, Орындаушы деп аталатын____________________________
___________________________________________________________________
(жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерді
___________________________________________________________________
ұсынатын субъектiнiң атауы, құрылтай құжаттары, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi мен берген орган)
___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
________________________________________________________ тұрғысында
           (лауазымы, тегi, аты-жөнi)
бiр тараптан және бұдан Тапсырысшы деп аталатын____________________
негізінде әрекет ететiн____________________________________________
 (пайдаланушы деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік
___________________________________________________________________
   тiркеу туралы куәлік берiлген күнi мен берген орган)
_________________________________________________________ тұрғысында
           (лауазымы, тегі, аты-жөнi)
екiнші тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

  1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      теңгерiмдiк тиесілік бөлiмiнiң шекарасы - Орындаушы мен Тапсырысшының тұтынушысы арасындағы жылу желiсiнiң теңгерiмдiк тиесілілігі немесе Шарт бойынша айқындалатын жылу желiсiнiң бөлу нүктесi;
      тараптардың пайдалану жауапкершiлігін бөлу шекарасы - жылу тұтынатын қондырғылардың және/немесе желiнiң теңгерiмдiк тиесiлiлiктi немесе тараптардың келiсiмдерi бойынша айқындалатын тараптардың жылу тұтынатын қондырғыларының және/немесе желiсiнiң бөлу нүктесi;
      төлем құжаты - Орындаушының, оның негiзiнде төлем жүргiзілетiн құжаты (есептеу құралдары көрсеткiштерінiң негiзiнде жасалған шоты, хабарламасы, түбiртегi, ескерту шоты);
      есептеу аспабы (есеп айырысатын есептеу аспабы) - жылу энергиясын коммерциялық есептеуге арналған, қолдануға заңнамада белгіленген тәртiппен рұқсат етілген техникалық құрылғы;
      есеп айырысу кезеңi - Орындаушының жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерiнiң көлемдерi мен құнына есеп айрысу жүргізiлетiн уақыт кезеңi (күнтiзбелiк ай);
      реттеушi орган - белгіленген құзырет шектерінде табиғи монополиялар салаларындағы қызметке бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган;
      жылу желiсi - тұтынушыларға жылу энергиясын беруге және/немесе бөлуге арналған құрылғылардың жиынтығы;
      жылу тұтынатын қондырғы - жылу энергиясын қабылдауға және пайдалануға арналған қондырғы немесе құрал;
      уәкiлеттi орган - электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      жылу энергиясының нақты көлемi - Орындаушы Тапсырысшыға берген, есептеу құралдарының көрсеткiштерi негiзiнде немесе олар болмаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен нормалар бойынша айқындалған жылу энергиясының көлемi.

  2. Шарттың мәнi

      2. Осының алдындағы Шартқа қойылатын міндетті талаптар:______
___________________________________________________________________
(осы тармақта міндетті талаптар, оның ішінде техникалық шарттың,
___________________________________________________________________
жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық әзiрлігі актiсiнiң, жылу
___________________________________________________________________
желілерiн ажырату актісінiң болуы және т.б. көзделеді)

      3. Орындаушы Тапсырысшының тұтынушыларына жылу желiлерiн ажырату актiсiмен айқындалатын теңгерiмдiк тиесілілігі мен пайдалану жауапкершілігінiң бөлу шекарасына дейiн Орындаушының жылу желiлерi бойынша жылу энергиясын берудi және/немесе бөлудi жүзеге асыруға мiндеттенедi.
      Бұл ретте, Тапсырысшының тұтынушыларына жеткiзілетін жылу энергиясы өлшемдерi (сапасы) тараптардың теңгерiмдiк тиесiлiлігінің шекарасына орнатылған бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткiштерi бойынша айқындалады және мемлекеттiк стандарттармен белгiленген талаптарға немесе өзге де нормативтiк-техникалық құжаттамаға, сондай-ақ Орындаушы жасаған және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген температуралық кестеге сәйкес келуге тиiс.
      Егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше келiсiлмесе жылу энергиясын беру және/немесе бөлу үздiксiз жүргiзіледi.
      4. Тапсырысшы Орындаушыға Шартпен айқындалған талаптарда жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ жылу энергиясын тұтыну режимiн және осы Шартта көзделген басқа да талаптарды сақтауға мiндеттенедi.

  3. Қызметтердi ұсынуды шектеудiң тәртiбi

      5. Орындаушы Тапсырысшыға осы Шартта көзделген, оның iшiнде:
      Шартта белгiленген мерзiмдерде жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiнде ұсынылған қызметтер үшiн ақы төленбеген, бұл ретте, ескерту жазбаша түрде кем дегенде 15 күн бұрын ұсынылады;
      жылу тұтынатын қондырғыларын Орындаушының жылу желiсiне өз бетiмен қосқан;
      жылу тұтынатын жүйелерiн есептеу құралдарының орнатылған орнына дейiн қосқан;
      Орындаушының өкiлдерiн жылу тұтынатын жүйелерге және есептеу құралдарына жiбермеген (ескерту кем дегенде 3 тәулiк бұрын);
      жылу тұтынатын қондырғылар мен жылу желілерінiң күзгi-қысқы кезеңде жұмысқа техникалық дайындығы актісiнсiз және сараптама ұйымының қорытындысынсыз Орындаушының жылу желiсiне қосқан (ескерту жылу энергиясын берудi тоқтатқанға немесе шектегенге дейiн кем дегенде 3 тәулiк бұрын);
      уәкілетті орган растаған жоспарлы жөндеулер жүргiзiлген жағдайларда жылу энергиясын берудi және/немесе бөлудi тоқтатуға немесе шектеуге құқылы.
      6. Тапсырысшы жылу тұтынатын қондырғыларды өз бетiмен қосқан немесе оларды коммерциялық есептеу құралдарына дейiн қосқан кезде, Орындаушы акт жасайды және Тапсырысшыға берiлген жылу энергиясының көлемiне заңнамада белгіленген тәртiппен қайта есеп айырысу жүргiзедi.
      Акт Орындаушы өкiлiнiң және тексерiлетiн Тапсырысшының немесе оның тұтынушысының, не олардың өкiлiнiң қолы болған көзде жарамды. Акт Тапсырысшы немесе оның тұтынушысы қол қоюдан бас тартқан кезде де, бiрақ оны Орындаушының комиссиясы және/немесе құрамында кем дегенде үш адамы бар кондоминиумдi басқаратын орган ресiмдеген жағдайда, жарамды деп есептеледi.

  4. Жылу энергиясын есептеу

      7. Орындаушының желiлерi бойынша берiлген және Тапсырысшы қабылдаған жылу энергиясының мөлшерi оны есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша іс жүзінде тұтыну туралы есептердің деректеріне сәйкес, ал олар болмаған немесе уақытша істен шыққан жағдайда, Орындаушы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының негізінде орындаған есеп айырысу жолымен айқындалады.
      8. Қызметтерді босатуды есептеу тараптардың теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасында жүргізіледi. Есептеу құралдары тараптардың теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасынан тыс орнатылған кезде, бөлу шекарасынан құралдар орнатылған жерге дейiнгi учаскедегi ысыраптар желінің көрсетiлген учаскесi теңгерiмiнде тұрған иеленушіге жатқызылады және есеп айырысу жолымен айқындалады.
      9. Тапсырысшының жылумен жабдықтау жүйесiн есептеу құралдарын орнатпастан уақытша пайдалануға Орындаушының рұқсатымен жол беріледі. Мұндай жағдайда қызметтердiң көлемi есеп айырысу жолымен белгіленеді.
      10. Жабдықтың және инженерлiк желілердің техникалық жай-күйiне, сондай-ақ жылу энергиясын есептеу құралдарының сақталуына жауапкершілік оның меншiк иесiне жүктеледі және теңгерiмдiк тиесіліліктiң шекарасы бойынша айқындалады.
      11. Тараптардың есептеу құралдары тексерiлуi және оларға пломба салынуы тиiс. Тараптар көрсеткiштердi алу, есептеу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында бір-бiрiне тәулiктің жұмыс сағаттары iшiнде есептеу құралдарына қол жеткiзудi ұсынуға тиiс.
      12. Есептеу құралдарын белгiсiз адамдар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, егер Шартта өзгеше көзделмесе, оның сақталуына жауапты адам отыз күн мерзiм iшiнде, есептеу құралдарын қалпына келтiруге мiндеттi. Есептеу құралдарын қалпына келтiру сәтiне дейiн Тапсырысшы оны жылу желiсiне қосуды талап етуге құқылы.
      13. Орындаушы Шартқа сәйкес Тапсырысшыға жылу энергиясын берудi және/немесе бөлудi қамтамасыз етуге және берілетін жылу тасушы өлшемдерінің шарттасылғаннан +/- 5%-тен аспайтын ауытқуға жол бермеуге міндетті.
      14. Тараптар олардың теңгеріміндегі коммерциялық есептеу құралдарына өз есебiнен тиiстi метрологиялық стандарттарда көзделген мерзiмдерде метрологиялық тексерулер жүргiзедi.
      Тараптар талап ететiн тараптың есебiнен жүргiзiлетiн қосымша тексерулер жүргізудi талап етуi мүмкiн.

  5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      15. Тапсырысшының:
      1) осы Шартпен белгiленген көлемде және мерзiмдерде белгiленген сападағы қызметтердi алуға;
      2) үзiлiстер және оның стандарттық өлшемдерiне сәйкес келмейтiн жылу энергиясын жеткізбеген немесе жеткiзген уақыт iшiнде қызметтерге ақы төлеу бойынша есеп айырысуды жасалған Шарттың талаптарына сәйкес талап етуге;
      3) Орындаушыдан тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) өзгергенi туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейiн он күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
      4) Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшін сот органдарына шағымдануға;
      5) Орындаушы iс жүзiнде ұсынған қызметтер үшін ақы төленуi шартымен 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Орындаушыны жазбаша хабардар ете отырып, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.   Бұл ретте, жылыту жүйесi көп пәтерлi үйдiң жалпы жылыту жүйесiнiң бөлiгі болып табылатын жеке үй-жайдың меншiк иесiнiң жылу энергиясын беруге және/немесе бөлуге арналған Шарттан бip жақты бас тартуына жол берiлмейдi.
      16. Тапсырысшы:
      1) Орындаушы ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерге Шарттың талаптарына сәйкес уақтылы ақы төлеуге;
      2) жылумен жабдықтау жүйелерінің тиiсiнше техникалық жай-күйiн лайықты дәрежеде ұстауға;
      3) Орындаушыны есептеу құралдарының iстен шыққаны немесе режимнiң және жұмыс талаптарының бұзылғаны туралы жедел жазбаша хабардар етуге, олай болмаған жағдайда, есептеу құралдары тиiстi құжаттармен расталған оларды соңғы рет тексерген сәттен бастап iстен шықты деп саналады;
      4) Орындаушының персоналына желілердiң, құралдар мен жабдықтардың техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiне бақылауды жүзеге асыру үшiн жылу энергиясын есептеу құралдарына және жылу тұтыну қондырғыларына кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
      5) Шарт бұзылған жағдайда, есеп айырысуларға салыстыру жасауға және Орындаушы iс жүзiнде ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерге арналған борышты өтеуге мiндетті.
      17. Орындаушының:
      1) осы Шарттың 5-тармағында көзделген жағдайларда Шарттың орындалуын бiржақты тәртiппен тоқтатуға;
      2) шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де әрекеттердi жасауға құқығы бар.
      18. Орындаушы:
      1) жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтердiң барлық тұтынушылары үшiн бiрдей жағдайлар ұсынуға;
      2) жылу желілерінің теңгерiмдiк тиесілілікті бөлу шекарасында осы Шартта берiлген жылу энергиясының өлшемдерiн ұстауға;
      3) Тапсырысшымен жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтердi ұсынуға шарт жасасуға;
      4) Тапсырысшыға тиiстi сападағы жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтердi Шарттың талаптарымен айқындалған тәртіппен және мерзiмдерде ұсынуға;
      5) Тапсырысшыға жеткiзілетін жылу энергиясының сапасы мен санына есеп және бақылау жүргiзуге, жылу энергиясы сапасының бұзушылықтарының алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
      6) Тапсырысшы жылу энергиясы сапасының төмендегенi туралы өтінішті берген күннен бастап үш күн iшiнде сапаны қалпына келтiру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есеп айырысуды орындауға;
      7) реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі көрсетілетiн қызметтер үшiн төлемдi өндiріп алуға;
      8) осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа, жылу энергиясын беруде және/немесе бөлуде үзiлiстерге жол бермеуге мiндеттi.

  6. Тараптарға қойылатын талаптар

      19. Тапсырысшыға:
      1) iшкi кварталдық желiлердi, инженерлiк жабдықты және құрылғыларды қайта жабдықтауға, Орындаушының келiсiмiнсiз реттегіш және бiтеме арматураны, сондай-ақ қауiпсiз пайдалану талаптарына және нормативтiк құжаттармен белгiленген басқа да талаптарға жауап бермейтiн жабдықты орнатуға, қосуға және пайдалануға;
      2) қолда бар жылу энергиясын есептеу схемасын бұзуға;
      3) жылыту жүйелерiндегi жылу тасушыны тура мақсатында пайдаланбауға тыйым салынады.
      20. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

  7. Есеп айырысу тәртiбi

      21. Орындаушының жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерiне ақы төлеудi Тапсырысшы реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзедi.
      22. Тариф өзгерген жағдайда, Орындаушы бұл туралы Тапсырысшыны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа тариф қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күн бұрын хабардар етедi.
      23. Орындаушы iс жүзiнде ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерге ақы төлеудi Тапсырысшы есептеу құралдарының көрсеткiштерiне сәйкес есеп айырысудан кейiнгi айдың 20 күнінен кешіктiрмей жүргiзедi.
      24. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жiберіледі. Тапсырысшы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзіндегіден артық сома төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде (не тараптардың келiсiмi бойынша Орындаушының алдындағы Тапсырысшының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) есептеледi. Егер Тапсырысшы Орындаушының келесi есеп айырысу кезеңiндегi қызметтерiнен бас тартса, Тапсырысшының Орындаушының алдындағы (eгep осындай болса) өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеуге жұмсалған сомаларды қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.
      25. Егер бақылау-өлшеу құралдары ақаулығының нәтижесiнде және басқа жағдайларда шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда Тараптар кейiнгі есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.
      26. Шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша Орындаушының ағымдағы шотына ақша есептеу Орындаушының жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерiне ақы төлеу бойынша Тапсырысшының мiндеттемелерiн орындауы деп танылады.
      27. Тараптардың келiсiмi бойынша жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеудiң Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәртiбi мен нысаны белгiленуi мүмкiн.

  8. Тараптардың жауапкершiлiгi

      28. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
      29. Ол бойынша ақы төлеу мерзiмi басталған сәтiне шотты төлемегенi үшін (Шарттың 32-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда), Тапсырысшы төленбеген сомалар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еседен астам мөлшерiнде Тапсырысшының ақша мiндеттемелерiн iс жүзiнде орындаған күнiне төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлеуге құқылы.
      Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн белгiлеу Шарт жасасу кезiнде жүргiзіледi. Егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше ескертілмесе, есеп айырысу кезеңнен кейiнгi айдың бiрiнші күнi тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басы болып табылады.
      30. Егер Орындаушының Тапсырысшыға қызмет ұсынуы мүмкiн болмауы Орындаушымен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен болса, Тапсырысшы алдында Орындаушы жауапты болады.
      31. Тұрақсыздық айыбын төлеу тараптарды Шарт бойынша міндеттемелердi орындаудан босатпайды.

  9. Форс-мажорлық жағдаяттар

      32. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш жағдайларының салдарынан болған жағдаяттар болса, жауапкершіліктен босатылады. Мұндай жағдайда тараптардың бір де біреуі залалдардың орнын толтыруға құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша мұндай жағдайда өзара міндеттемелердің атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте, тараптардың бір де біреуі Шарт бойынша еңсерілмес күші жағдаяттары болғанға дейін туындаған міндеттемелерден босатылмайды.
      33. Егер Тараптардың біреуі еңсерiлмес күштiң жағдаяттары болған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн ішінде өзiнiң Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындай алмайтындай жағдайда қалса, екiншi тарап Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны жолдай отырып, Шартты бұзуға құқылы.

  10. Жалпы ережелер және дауларды шешу

      34. Жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегi қызметтер көрсету шартын тараптар жеке тәртiппен жасасады.
      35. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе тұтастай немесе қандай да бiр мәселелерге немесе Шарттың ережелерiне қатысты әрекетке байланысты туындаған қандай да бiр дау немесе келiспеушілiк жағдайында тараптардың кез келгенi екiншi тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.
      Тараптар туындаған дауларды келiссөздер жолымен реттеу бойынша қажетті барлық күш-жiгерiн жұмсауы тиiс.
      36. Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.
      37. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
      38. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
      Шарт мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында тiркеледi және тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.

  11. Шарттың қолданылу мерзiмi

      39. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енедi және
200_ жылғы "__"____________________________ дейiн қолданылады.

      40. Шартың қолданылу мерзімі, егер Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін отыз күн бұрын тараптардың біреуі бұл туралы мәлімдесе, жылу энергиясын беру және/немесе бөлу көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бір мерзімге ұзартылады және Шартқа қосымша келiсiммен ресiмделедi.

  12. Тараптардың деректемелерi

      Орындаушы:_________________     Тапсырысшы:__________________