"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
3-бағанда:
реттiк нөмiрi 5-жолдың екiншi абзацындағы "пайдалану" деген сөз "жобалау (технологиялық) және пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрі 6-жолдың бiрiншi абзацы "жобалау" деген сөзден кейiн "(құрылысқа арналған жобалау жұмыстары)" деген сөздермен толықтырылсын;
2)
күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.12.28.
N 1311
(ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.