1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсін:
1) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қыркүйектегi N 993
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 29, 327-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi туралы ережеде:
11-тармақтың 32) тармақшасы алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1130
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 42, 538-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi туралы ережеде:
10-тармақта:
1) тармақшаның төртінші абзацында "ұсыныстар дайындау" деген сөздерден кейiн ", нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу және дайындау (немесе қабылдау)" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк сыйлығын, әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттiк сыйлықты, көрнектi әдебиет және өнер қайраткерлерiне Мемлекеттік стипендияны беру жөнiндегi комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;";
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгінiң Ақпарат және мұрағат комитетi туралы ережеде:
10-тармақтың 1) тармақшасында:
жиырма бiрiншi абзацта ", көрнектi әдебиет және өнер қайраткерлерiне Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентiнiң Мемлекеттiк сыйлығын, әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттік сыйлықты, Мемлекеттiк стипендияларды беру жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкiметінің web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету;";
2) тармақшаның жетiншi абзацында "берудi жүзеге асыру" деген сөздер "беру" деген сөзбен ауыстырылсын.