Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң
17-бабының
4-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405
қаулысымен
бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен мынадай iс-шараларға:
қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнiң қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту мақсатында қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн пысықтау жөнiндегi консалтингтiк қызметтерге ақы төлеуге;
Oracle Applications лицензияларын сатып алуға;
қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнiң штаттан тыс ажырауын, жүйенің бағдарламалық-аппарат кешенінің жаңылысуын және iстен шығуын болдырмау мақсатында үздiксiз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жабдықтар сатып алу мен орнатуға 350000000 (үш жүз елу миллион) теңге бөлiнсiн.