Ескерту. Қазақстан Республикасының Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2005.12.20. N 1254 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк монополия мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына eнгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
актілерiне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша
өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкілдiктердi есептiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 14, 274-құжат; 1997 ж., N 12, 183-құжат; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 63, 64-құжаттар; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 1-құжат; N 8, 52-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 18, 157-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы жетiнші бөлiкпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк монополия субъектілерiн мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi орган мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметтi реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлетті органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырады.";
2) 14-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлiкпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк монополия субъектілерiн қайта тіркеу үшiн мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметтi реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлетті органның келiсiмi талап етiледi.";
3) 16-баптың төртiншi бөлiгі мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк монополия субъектілерiнiң қызметiн тоқтатуды тiркеудi тіркеуші орган мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметті peттeу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлетті органның алдын ала келісiмiмен жүзеге асырады.".
2. "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 183-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 22, 789-құжат; N 23, 916-құжат; 2001 ж., N 10, 126-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 11, 71-құжат; 2004 ж., N 11-12, 65-құжат):
18-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) мемлекеттiк монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру.".
3. "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 181-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат; N 23, 142-құжат):
1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) уәкілеттi орган - топологияларды құқықтық қорғау саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.".
4. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат; N 17, 101-құжат; 2005 жылғы 16 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Заңы ):
1-баптың 2-1) тармақшасы алынып тасталсын.
2-бап. Осы Заң ол ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті