Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 405 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінiң республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсiпорындар) құрылсын:
      1) "Meктепке дейiнгi балалық шақ" республикалық орталығы";
      2) "Республикалық бiлiктiлiктi растау және беру орталығы";
      3) "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы";
      4) "Ұлттық аккредиттеу орталығы";
      5) "Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау орталығы".

      2. Кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлік және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;
      2) кәсiпорындардың әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсiн;
      3) ocы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тізбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 470-184-1, 470-184-2, 470-184-3, 470-184-4, 470-184-5-жолдармен толықтырылсын:
"470-184-1  "Мектепке дейiнгi балалық шақ"
            республикалық орталығы" республикалық
            мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны           Астана қаласы
470-184-2   "Республикалық бiлiктiлiктi растау
            және беру орталығы" республикалық
            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны           Астана қаласы
470-184-3   "Оқулық" республикалық ғылыми-
            практикалық орталығы" республикалық
            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны           Астана қаласы
470-184-4   "Ұлттық аккредиттеу орталығы"
            республикалық мемлекеттiк қазыналық
            кәсіпорны                                 Астана қаласы
470-184-5   "Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау
            орталығы" республикалық мемлекеттiк
            қазыналық кәсiпорны                      Астана қаласы";
      2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмiрлерi 77-1, 77-2, 77-3, 77-4, 77-5-жолдармен толықтырылсын:
"77-1.    "Мектепке дейiнгi балалық шақ" республикалық орталығы
77-2.     Республикалық бiлiктiлiктi растау және беру орталығы
77-3.     "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
77-4.     Ұлттық аккредиттеу орталығы
77-5.     Ұлттық бiлiм беру сапасын бағалау орталығы".

      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Pеспубликасының
      Премьер-Министрі