Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегі N 1376 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 398 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi N 1376  қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 40, 455-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына:
      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi, төрайым болып енгiзiлсiн;
      көрсетілген құрамнан Жұмабеков Оңалсын Исламұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі