Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Байланысты гранттарды тартуға арналған өтiнiмдер беру ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 28 сәуiрдегi
N 396 қаулысымен
бекiтiлген
Байланысты гранттарды тартуға
арналған өтiнiмдер беру ережесi
1. Осы Байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) атқарушы агенттiктердiң экономикалық жоспарлау жөнiндегi
орталық уәкілеттi органға
(бұдан әрi - уәкілетті орган) байланысты гранттарды алуға өтiнiмдер (бұдан әрi - өтiнiмдер) беру тәртiбiн айқындайды.
2. Ереже атқарушы агенттiктер өтiнiмдер берген кезде оларға қойылатын талаптарды бiрiздендiру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiк бюджеттен бiрлесiп қаржыландыруды немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң грант берген донордан одан әрi қарыз алуын көздейтiн өтеусiз қаржылық және техникалық көмек жобаларын (бұдан әрi - жобалар) iске асыру үшiн өтiнiмдердi iрiктеу мен бағалау тиiмділiгін арттыру үшін әзiрлендi.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) донордың елдiк бағдарламасы - Қазақстан Республикасы мен донор арасындағы ынтымақтастықтың орта мерзiмдi кезеңдегi перспективалары көрсетiлетiн және донор қарыздары есебiнен қаржыландыру жоспарланып отырған инвестициялық жобалардың тiзбесiн, сондай-ақ iске асырылуы донор гранты есебiнен жүзеге асырылатын өтеусiз техникалық көмек жобаларының тiзбесiн қамтитын индикативтiк сипаты бар донор құжаты;
2) атқарушы агенттiк - байланысты грантты тартуға арналған өтiнiмдердi дайындауды және ұсынуды жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган.
2-тарау. Өтiнiмдердi беру тәртiбi
4. Атқарушы агенттік уәкілеттi органның қарауына жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың өтiнiмдерiн ескере отырып жасалған өтiнiмдi мынадай құжаттармен қоса бередi:
1) жобаның ақпараттық парағы;
2) жобаның қисынды негiздемесi;
3) салалық қорытынды.
5. Жобаның ақпараттық парағы байланысты грантты негiзгi алушыны, болжамды донорды және жобаның негізгi қаржылық өлшемдерiн қамтитын жоба бойынша жалпы ақпараттан тұрады. Оған құрамдас бөлiктерге, жоспарланған iс-шараларға және жобаны iске асырудың әр жылына арналған байланысты грант валютасындағы және теңгедегi қаржыландыру көздерiне (грант қаражаты және оған бiрлесiп қаржыландырулар) бөле отырып, жобаны қаржыландырудың еркiн нысандағы жиынтық кестесi беріледi.
6. Жобаның қисынды негiздемесi жобаның мақсатына қол жеткiзу үшiн барлық баламалы шешiмдердiң нұсқаларын қарау нәтижесi болып табылады және осы Ережеге қосымшаға сәйкес әдiстеме бойынша жасалады.
7. Салалық қорытындыда тиiсті бағдарламаның бөлiмдерi мен тармақтары көрсетіле отырып, жобаның мақсаты мен мiндеттерiнiң тиiстi мемлекеттiк немесе салалық (секторалдық) бағдарламада көрсетілген саланың даму басымдықтарына сәйкестігi айқындалады.
8. Өтiнiмдер мынадай талаптарға сай болуы тиiс:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының
орта мерзiмдi жоспарында
көрсетiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарына, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттiк немесе салалық (секторалдық) бағдарламаларға сәйкестiгi;
2) донорлардың Қазақстан Республикасына арналған елдiк бағдарламаларын (болған кезде) қоса алғанда, жобаның донордың уәкілеттi органмен келiсiлген бағдарламалық құжаттарының құрамында болуы.
9. Атқарушы агенттiк тиiстi кезеңге арналған бiрнеше өтiнiм берген жағдайда өтiнiм мәлiмделген жобалар басымдығына қарай көрсетіледi.
10. Осы Ережеге сәйкес жасалған өтiнiмдердi атқарушы агенттiктер жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей уәкілеттi органға жiбередi.
Байланысты гранттарды
тартуға арналған өтiнiмдер
беру ережесіне
қосымша
Жобаның қисынды негiздемесiн
жасау әдiстемесi
1. Жобаның қисынды негiздемесi түсiндiрме жазба мен матрицадан тұрады.
2. Жобаның қисынды негiздемесiне түсiндiрме жазба жобада шешілетiн проблеманың сипаттамасы мен тарихын, жоба тұжырымдамасының қысқаша мазмұнын, соның iшiнде жобаны iске асыру болжанып отырған жердi, қысқаша талдауды және ұқсас жобаларды iске асырудың әлемдiк тәжiрибесiн қамтиды. Түсiндiрме жазбада, сондай-ақ проблеманы шешу нұсқасын таңдаған кезде қаралған баламалы нұсқалар және оны шешудiң неғұрлым оңтайлы жолы ретiнде жобаны таңдау негiздемесi сипатталуы тиiс.
3. Матрица мынадай кесте түрiнде беріледi:
Жоба мақсатына
|
Өлшенетiн
|
Мониторинг
|
Болжамдар мен
|
Мақсаты |
A1 |
Б1 |
Г1 |
Мiндеттерi |
A2 |
Б2 |
Г2 |
Нәтижелерi |
A3 |
Б3 |
Г3 |
Іс-шаралар |
A4 |
Б4 |
Г4 |
4. Матрица төрт деңгейден тұрады және мынадай тәртiппен толтырылады:
"Мақсаты" саланың даму стратегиясында көрсетілген стратегиялық мiндеттердi шешуден тұратын жоба мақсатын көрсетедi;
"Мiндеттерi" жоба нәтижелеріне қол жеткiзуден күтілетiн әсердi көрсетедi;
"Нәтижелерi" iс-шараларды iске асырудың ақша, материалдар мен адами ресурстар салудан жобаны орындаушылар алатын түпкi өнiмдер немесе қызметтер түрiндегi нәтижелердi көрсетедi;
"Ic-шаралар" әрбiр нәтиженi iске асыру үшін нақты iс-әрекеттi көрсетедi. Бiр нәтиженi iске асыру үшiн қажетті 4-тен 10-ға дейiнгi неғұрлым жалпы iс-шараны көрсету ұсынылады.
5. Матрицаның әрбiр деңгейi үшін мынадай көрсеткiштер көрсетіледi:
"Өлшенетiн көрсеткiштер" жобаны iске асыру нәтижесiнде өзгерiстердi әрбiр деңгейде өлшей отырып, матрицаның әрбiр деңгейiне сандық, сапалық және уақыттық сипаттама бередi. Әрбiр деңгейдiң көрсеткiштерi бiр-бiрiне тәуелдi емес;
"Мониторинг және бағалау" ақпарат алмасудың барлық деңгейлерiн және ақпарат беру мерзiмiн қоса алғанда, жобаның iске асырылу барысының мониторингi жүйесiн көрсетедi;
"Болжамдар мен тәуекелдер" тәуекел деңгейiн көрсете отырып, барлық ықтимал тәуекелдер мен оларды бейтараптандыру жөнiнде жоспарланған шараларды көрсетедi.
6. Көлденең бағандар мынадай реттілiкпен толтырылады:
A1 ұяшығында орындауға осы жоба бағытталған мемлекеттiк немесе салалық (секторалдық) бағдарламалардың мiндеттерiн сипаттайтын өлшенетiн көрсеткiштер қамтылады;
Б1 ұяшығы ұлттық статистика мәлiметтерiне, республикалық деңгейдегi есептерге және өзге де ақпаратқа негiзделе отырып толтырылады;
Г1 ұяшығында жоба шеңберiнен тыс, бiрақ жоба нәтижелерiне қол жеткiзу үшiн және ықтимал тәуекелдердi жою үшiн қажеттi шарттар қамтылады;
А2 ұяшығында жоба мiндеттерiн сипаттайтын өлшенетiн көрсеткiштердiң сипаттамасы қамтылады. Көрсеткiштерде жобаның күтілiп отырған пайдасы мен маңызы, сондай-ақ оны iске асырудың болжамды әсерi сипатталады;
Б2 ұяшығында А2 ұяшығында көрсетілген көрсеткiштер қандай ақпарат көзiнде көрiнетiнi көрсетiлуге тиiс. Бұл заттай және ақшалай көрiнiстегi жұмыстардың орындалуы жөнiндегi есептер, қаржыландыру туралы есеп, жоспарлы есептер және өзге де есептер болуы мүмкiн;
Г2 ұяшығы Г1 ұяшығы тәрiздi, бiрақ жобаның мiндеттерiне қатысы бойынша толтырылады;
А3 ұяшығында жоба нәтижелерi үшiн қорытылған жұмыс жоспары ретiнде көрiнетiн өлшенетiн көрсеткiштер қамтылады;
Б3 және Г3 ұяшықтары Б2 және Г2 бағандары тәрiздi толтырылады, тек бұл жағдайда көрсеткiштер мен олардың мониторингi жоба нәтижелерiне қатысты болады;
A4 ұяшығында пайдаланылатын ресурстар сипатталады және iс-шараларды iске асыру үшiн қажеттi бюджет айқындалады. Бұл ретте, құрылысқа, жабдыққа, жұмыс күшiне және өзге ақпаратқа арналған балама бағаларды пайдалану қажет;
Б4 ұяшығында әрбiр көрсеткiштiң тиiмдiлiгiн және оларды бағалау процесiн растайтын мәлiмет көздерi туралы ақпарат қамтылады. Бұл салынған ресурстардың сандық бағасын растайтын құжаттама, мысалы, жабдықтың прайс-парақтары, осыған ұқсас жобалар бойынша есептерi және т.б. болуы мүмкiн;
Г4 ұяшығында жоба шеңберiнен тыс, бiрақ жоба нәтижелерiне қол жеткiзу үшін және ықтимал тәуекелдердi жою үшiн қажетті шарттар қамтылады.
Бұл ретте, қисынды формулалар сақталуға тиiс:
- А2+Г2=A1;
- А3+Г3=А2;
- А4+Г4=A3.