1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1343
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 560-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесінің құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович және сауда бiрiншi вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Әйтiмова - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Бiрғаным Сарықызы ғылым министрi
Әмiрин - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк
Ғұсман Кәрiмұлы қоғамы басқармасының төрағасы (келiсiм
бойынша);
"Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары, төраға" деген жолда "Премьep-Министрiнiң орынбасары" деген сөздерден кейiн "- Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген құрамнан Жақсыбеков Әділбек Рыскелдiұлы, Құлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы, Доминов Евгений Евгеньевич шығарылсын.